КІРІСТЕРІН ЖАСЫРҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
2019 ж. 05 шілде
2297
0
Еліміздегі жүздеген ресторанның қызметкерлерінің санын жасырып, касса аппараттарын қолданбай немесе фискалдық чекті айына бір рет қана шығарып, өз кірісін көрсетпегендігі анықталды.
Мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерін фискалды қолдау шараларын жалғастырып келе жатқанына қарамастан, еліміздің мейрамханалары өздерінің кірісін жасыруды жалғастыруда. Бақылаудың алдын ала нәтижесіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласынан 164 мейрамхана, 37 салық төлеуші салық есебінде өз кірісін көрсетпеген, 31 мейрамхананың жалдамалы қызметкерлері жоқ және 41 мейрамхана жалдамалы қызметкерлер санын 1-5 аралығында ғана деп көрсеткен. Осыған ұқсас жағдай, Алматы қаласында да орын алған. Яғни, 275 мейрамханада 95 салық төлеуші салық есебінде өз кірісін жасырған. Шымкент қаласының 85 мейрамханасы бойынша, өз кірістерін көрсетпейтін 17 салық төлеуші анықталды. Одан басқа, қаланың 23 мейрамханасында бақылау - касса машиналары жоқ. Бұл ретте Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында аталған саладағы салық төлеушілердің 18 пайызы 2018 жылғы декларациясында жылына 1 млн. теңгеге дейін немесе күніне 3 000 тенге мөлшерінде ғана кіріс көрсеткен. Салық міндеттемелерін толық көлемде орындамайтын барлық салық төлеушілерге заңбұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданды. Осындай талдау басқа облыстар да жүргізілуде.
qazaquni.kz