ИСЛАМ ӘБІШЕВТІ ҚОЛДАУШЫЛАР САНЫ РЕКОРДТЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ!
2019 ж. 02 шілде
6090
9
БІР АДАМДЫ МҰНШАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ ЕЛ ТАРИХЫНДА БОЛМАҒАН!
«Қазақ үні» сайтындағы Ислам Әбішевті қолдап, Ұлт зиялылары бастап қол қойған «ТРИЛЛИОН ҮНЕМДЕГЕНДЕР ТҮРМЕДЕ – ҚУДАЛАҒАНДАР МІНБЕДЕ…» атты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазылған Ашық хатты қолдаушылар саны 17 213 адамға жетіпті!!! Бұншалықты адам бір адамды қолдап, жаппай қол қою еліміздің тарихында бұрын-соңды болмаған! Бізде бір адам үшін емес, еліміз тағдыры қозғалған ұлт, тіл, жер мәселелерінде де сайттағы Ашық хатқа қол қою 138-ден, әрі кетсе 200-ден асқан жоқ. Сонда бұл 100 еседен аса жоғары көрсеткіш! Ал Ашық хатты 50 мыңға жуық адам (49039) оқыды. Ашық хаттың өзіне «Қазақ үні» сайтында 150-ге жуық пікір жазылды. Бұл да зор қолдау болып табылады. Ал әлеуметтік желілерде, әсіресе, Фейсбуктағы, уатсаптағы қаптаған қолдау пікірлердің есебі жоқ.
Ендеше, осыншалықты халық дауысы Қазақстан Президенті болып сайлана салысымен елдің қордаланған күрделі мәселелерін шұғыл шешуге кірісіп кеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа жетуі тиіс деп санаймыз.
Сайтта қол қоюшылар саны ешуақытта мұндай деңгейге жетпегенінің айқын белгісі – 17 213 деген сан -7213 деп, алғашқы бір таңба сыймай тұр!!! Себебі сайт функциясында БЕС ТАҢБАЛЫ ЦИФР бұрын болмаған болып тұр… Өйткені, сайт жасаушылар:
1. Триллион үнемдеген Ислам Әбішев түрмеге түседі деп;
2. Ислам Әбішевті осыншалықты 20 мыңға жуық адам қолдайды деп ойламаған болар…
Ендеше Ел дауысы Ел басшысына жетіп, әділдік туы желбірейді деп сенеміз.