Қотыркөл кез келген ауруға шипа болмайды
2019 ж. 21 маусым
4632
1
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыру мәселесі туралы мәлімдеме жасады.
«Санаторий-курорттық емдеу орнын таңдау мемлекеттік сатып алулар арқылы жүзеге асырылады. Нысан міндетті түрде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болуы керек. Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, бұл нысандарды қызмет көрсетушілер тізбесіне тіркелуін және қолжетімділік паспортының болуын міндеттеуді көздеп отырмыз», – деді вице-министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылған соң, адамдар санаторийге таңдау жасай алады. «Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар таңдау жасай алмайды. Қай жері ауырса да, Қотыркөлге жіберіледі. Портал іске қосылғанда, адам өз денсаулығына қарай шипажай таңдай алады. Тірек-қимыл жүйесі бұзылса, Мойылдыда балшықпен емдеуге болады дегендей. Қазір бұл мәселе порталдың жұмысына тікелей байланысты», – деді вице-министр.
qazaquni.kz