Қарқынды даму жолындағы іргелі оқу ордасы
2019 ж. 15 маусым
3676
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты былтырғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетіндігін баса айтқан-ды.
Сондай-ақ, Тұңғыш Президент аталмыш Жолдауында: «Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет.
Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды», – деп еліміздің барша жоғары оқу орындарына зор міндет жүктеген-ді.
Осынау талаптың үдесінен шығу жолында республикамыздың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Еліміздегі осындай іргелі оқу орындарының бірі, қазақтың ең алғашқы жоғары оқу орны, былтыр ғана құрылғанына 90 жыл толған мерейлі тойын жоғары деңгейде атап өткен – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
Қазіргі таңда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті білім беру мен зерттеу саласындағы танымал инновациялық орталық, мамандықтардың кең спектрі, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, заманауи индустриалды технологиялар, инновациялық бағдарламалар, жетекші шетелдік университеттермен қосдипломды бағдарламалары бар, іргелі ғылымның қарқынды дамуына ие, халықаралық білім және ғылым қоғамдастығына енген заманауи білім беру ұйымы.
2019 жылы 23 мамырда «Егемен Қазақстан» газеті мен Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA-Ranking) сайтында ҚР 2019 жылғы үздік жоғары оқу орындары рейтингісінің нәтижелері бойынша университет TOP-20 ЖОО тізіміне кіріп, педагогикалық жоғары оқу орындары арасында ең жоғары позиция – 5-ші орынды иеленді.
Институционалдық рейтингте білім ордамыз ЖОО арасында «Білім беру» бағыты бойынша 1-ші орынды иеленіп, «Сарапшылардың репутациялық бағалауы бойынша көшбасшы» және «Жұмыс берушілердің репутациялық бағалауы бойынша көшбасшы» номинациялары бойынша көшбасшы атанды.
Мамандарды даярлаудың әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларының рейтингтерінде Абай атындағы ҚазҰПУ жоғары көрсеткіштермен көшбасшылық орындарға орналасты. Білім беру бағдарламаларының мамандар даярлау бағыты мен деңгейіне сәйкестік бойынша жоғары оқу орындарының рейтингісінде 31 жүлделі орындарын алды, оның ішінде бакалавриат бағдарламасы бойынша – 15, магистратурада – 7 және докторантурада – 9 орын.
2019 жылдың 23 мамырында Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттігі қазақстандық жоғары оқу орындарының 2019 жылға арналған веб-сайттарының рейтингісінің нәтижесі бойынша университетіміздің ресми сайты Қазақстан Республикасының 116 ЖОО арасында 5-ші орын, ал еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында – 1-ші орынды иеленді. 2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ сайты он үздік университеттік сайттар қатарында тоғызыншы орынды иеленген болатын (салыстыру: 2016 жылы – 26-шы орында, 2014 жылы – 20-шы орында, 2013 жылы – 25-орында болды).
Цифрлық университет аясында 2018 жылдан бері оқу үрдісіне қызмет сапасын жетілдіру бағытында «Univer» дерекқорлар жүйесі енгізіліп, қазіргі күні жетілдірілуде.
Студенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «бір терезе» қағидасын іске асыру мақсатында ашылған «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы қазіргі күні нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.
Университеттің білім алушылар саны екі есеге артып, бүгінгі күні жалпы контингент – 8404 білім алушыны құраса, шетелдік білім алушының үлесі – 3,5% құрап отыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштерді одан әрі ұлғайту көзделуде.
2019 жылдың 1850 түлек бітіргелі отыр, соның ішінде бакалавриат – 1283 (69%), магистратура – 511 (28%), докторантура – 56 (3%).
Жаңартылған және жаңа 199 Major білім беру бағдарламалары, оған қоса 73 Minor, жұмыс берушілердің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып әзірленді.
2019-20 оқу жылына 2-4 курсқа 430 оқу жоспары әзірленді.
Қосдипломды форматта – 7, бірлескен – 6 (магистратура) оқыту жүреді.
2019-20 оқу жылында Сорбонна-Қазақстан институты 5 жаңа қосдипломды бағдарлама бастайды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оқу жоспарларына енгізілген пәндер: «Мектептердегі өлкетану», «Қазақ халқының рухани мәдениеті», «Мәдениет географиясы», «Түркі латынының негіздері».
Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша, педагог Кәсіби стандартынына сәйкес 2018 жылдың түсүшілеріне 23 педагогикалық мамандықтардың жаңа білім беру бағдарламасы жасалынды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағылшын тілінде физика, информатика, химия, биология пәндері оқу жоспарына енгізілді.
Барлық университетте оқытылатын пәндердің оқу-әдістемелік кешендері жасалынып бекітілген.
2018 жылы университетіміз ғылым саласында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. 2018 жылы қаржыландырылатын жобалардың саны 60-қа дейін асып, соның ішінде республикалық бюджеттен 21 жоба 179 млн.теңгеге қаржыландырылды. Сонымен қатар 1 жобаға Ғылым қорын бағдарламалық-мақсатты қаржыландырылу бойынша 39 млн. мың теңге бөлінді. 7 университеттік жобаға, 23 жас ғалымдар жобасына, 5 бірлескен жобаға жалпы университет қаражатынан барлығы 106 млн. тенге қаржы бөлінген.
Хәкім Абайдың мұрасын әлемге таныту мақсатында 2019 жыл Ресей, Польшаның жетекші ЖОО «Абай» қазақ мәдениеті мен ғылымының орталықтары ашылды. 2018/2019 оқу жылы шетелдік университеттермен 28 меморандумға қол қойылды (жалпы – 32 елмен 165 MoU бар).
2018 жылы бюджеттен тыс өткізілген байқау аясында 35 жасқа дейінгі 59 жас зерттеушінің жобаларына 25 млн. теңге бөлінсе, 2019 жылы жас зерттеушілердің жобаларына 27 млн. теңге бөлінді.
Студенттер арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2019 жылдың 10-12 мамыр күндері аралығында университет қабырғасында Алматы қаласының «Startup Bolashak: Менін Арманым» байқауы 4-ші маусымының іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу кезеңін ұйымдастырушы университеттер: Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және AlmaU.
Оқу ордасында студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, білім сапасын арттыру және жемқорлыққа жол бермеу, жалпы спорттық іс-шараларды көбейту, мәдени-танымдық шаралардың деңгейін көтеру, студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында көптеген жанды жұмыстар жүргізілуде.
Біздің басты құндылығымыз – студент-жастар. Сондықтан, кез келген уақытта біз жастардың қажеттілігі мен олардың сұраныстарын қанағаттандырып отыруымыз керек.
Осы орайда, биылғы Студенттік өзін-өзі басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Жастарға таңдау еркіндігін беру, ашық қоғамды құру, Өзін-өзі басқару жүйесінің бәсекелестігін арттыру мақсатында Студенттік ректорат құрылды. Бұл ұйым сайлау негізінде жасақталды.
Жастар ісі жөніндегі комитетке қосымша штаттық бірлік бөлініп, жұмыс мазмұны мен форматы жаңартылды. Жастардың идеяларын орталықтандыру мақсатында «Smart Students» коворкинг орталығы ашылды.
Білім сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Жемқорлыққа қарсы күрес кеңесі құрылды. Кеңес Ережесі, Жол картасы, Стандарты бекітілді. Қазіргі күні Кеңестің үш комиссиясы жұмыс жасауда. «Саналы ұрпақ» студенттік клубы құрылды. Жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің мүшелері 5-15 сәуір күндері аралығында барлық институттарда жиындар мен кездесулер өткізді.
С 2018-2019 оқу жылынан бастап барлық мамандықтың 1 курс студенттеріне «Жемқорлыққа қарсы білім» элективтік пәні енгізіліп, 1 кредит негізінде оқытылуда.
Жастарды жаппай спортқа тарту, салауатты өмір салтына баулу бағытында жыл бойы: 17 спорттық шара ұйымдастырылды, соның ішінде 1 республикалық, 2 қалалық, 14 жалпыуниверситеттік. Атап айтқанда: академик Тоқмұхамед Садықовтың 80 жылдығына арналған футболдан студент – жастар арасындағы республикалық турнир, «ABAI UNIVERSITY CUP» оқушылар арасында футбол мен волейболдан турнирі, Алматы қаласы жоғару оқу орындары студенттері арасындағы тоғызқұмалақтан жарысы, Алматы қаласындағы ЖОО студенттері арасында қазақ күресінен «Түйе палуан» турнирі және т.б. Биылғы жылы «Спартак» спорт кешеніне күрделі жөндеу жүргізлді..
Университет спортшылары халықаралық, республикалық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары. Олар: 1 курс студенттері Әміртаев Қуат – еркін күрестен Әлем біріншілігінің күміс медаль иегері, Ерсұлтан Жорабек – қазақ күресінен Қазақстан чемпионы, самбо күресінен Қазақстан чемпионы. Қазіргі күні Әлем біріншілігіне даярлық үстінде.
Сонымен қатар, жуырда университетіміздің студенті Математика, физика және информатика институтының 4 курс студенті Жақсыбай Ержігіт «Жастар көкпар лигасы» құрамында ұлттық ойынымызды Франция еліне паш етіп қайтты.
Жастар жылын лайықты атап өту бойынша арнайы жоспар әзірленіп, қала, республика деңгейінде шаралар ұйымдастырылды. Жастар жылын қолдау мақсатында «Медеу» мұзайдынында 700 студенттердің қатысуымен «Active style» жаппай сырғанау, «Жобалық Start» креативтік жобалар мен идеялар байқауы, «Менің пірім – Сүйінбай» ІІІ республикалық жас ақындар айтысы ұйымдастырылды. Айтыскер ақын «Оразалы Досбосынов» атындағы жас ақындар орталығы ашылды, «Ұлы дала жастары: жастар, білім, қоғам» республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.
Қазіргі күні университетте жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 24 клуб, 7 үйірме, 1 бірлестік, Студенттік «Бірлік» Ассамблеясы, 3 Студенттік жасақ, 3 Шығармашыл топтар барлығы 39 студенттік клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді. Студенттік клубтар мен үйірмелер жұмыстар Коворкинг орталығына орталықтандырылған. Әлеуметтік көмекке зәру, отбасылық жағдайы төмен, оқуда озат, қоғамдық өмірде белсенділігімен ерекшеленген 547 білім алушының оқу ақысына 15-50 % аралығында жеңілдік көрсетілді. 13 толық жетім білім алушы толықтай оқу ақысынан босатылды.
Былтырғы жылы оқу орнының 90 жылдық мерейтойы аясында университетіміздің 13 профессор-оқытушылар құрамы мемлекеттік наградалармен, 125 қызметкері ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттарына ие болды.
Білім ордасының осындай зор жетістікке жетуі әлбетте Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевтың іскерлігімен тікелей байланысты екендігін атап өткеніміз жөн.
Жанатбек ІШПЕКБАЕВ
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры, профессор
qazaquni.kz