ШЕНДІЛЕРГЕ СОТ ШЕШІМІ ШЫҚТЫ
2019 ж. 07 маусым
2096
0
Қызметкерлеріне 22 млн. теңге сыйақы беріп, жартысын қайтарып алған Алматы қалалық мамандандырылған күзет қызметінің лауазымды тұлғаларына сот үкімі жарияланды.
Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотының үкімімен Алматы қалалық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы И.Дзигалюк, батальон командирі А.Арашев, оның орынбасарлары Б.Нысанбаев пен А.Орынбаев жеке құрамы қызметкерлеріне берілген жалпы сомасы 22 млн. теңге сыйақының бір бөлігін өздеріне қайтарып алғаны үшін кінәлі деп танылған. Олар сол арқылы лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланған. Сот үкімімен И.Дзигалюк, А.Арашев, Б.Нысанбаев және А.Орынбаев мемлекеттік қызметте, судья қызметінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда, сондай-ақ, ұлттық компанияларда және холдингтерде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелді. Сотталғандар сондай-ақ, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды және арнайы полиция атақтарынан айырылды.
qazaquni.kz