АЙЛЫҚ ПЕН БАЙЛЫҚ СӘЙКЕСТІГІ ТЕКСЕРІЛЕДІ
2019 ж. 07 маусым
4158
4
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев заңсыз байыған мемлекеттік қызметшілерге жауапкершілік енгізу жөнінде ашық пікірін білдірді.
Жылдар бойғы барлық саланы жайлаған жемқорлықпен күресу нақты нәтиже бермегені белгілі. Жылына миллиардтаған қаржы ұрланып жатыр. Сондықтан, бұл бағытта заңды қатайтып, заман талабына орай жаңа әдістерді қолдану қажет. «Қазір заңсыз баю туралы арнайы заң қабылдау мәселесі талқыланып жатыр. Біздің ұсынысымыз жалпы қолдау тапты, екі ай ішінде барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, оның ішінде қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен әзірлеген ұсынымдарды енгізу қажет», – деді агенттік төрағасы тілшілерге берген сұхбатында. Сонымен бірге, А.Шпекбаев заңсыз байығандарды анықтайтын механизм туралы әңгімеледі. «БҰҰ конвенциясы аясында халықаралық механизм бар, онда барлық жағдай қарастырылған. Бірақ, біз бүгін қаржылық және мансаптық санкциялар жөнінде мәселе қойып отырмыз. Қылмыстық жауапкершіліктің де енгізілуі бек мүмкін», – деді ол. Еске сала кетсек, Алик Шпекбаев бұдан бұрын заңсыз табыс тапқан мемлекеттік қызметшілерді жауапқа тартуды ұсынған болатын.
qazaquni.kz