Алматы қалалық ҚХА жастары Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті
2019 ж. 05 маусым
1946
0
2019 жылғы 4 маусымда Достық үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Күніне арналған жастар акциясы өтті, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Іс-шараға Алматы қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері, Алматы қалалық «Жарасым» РЖҚ мүшелері, Еріктілер лигасының мүшелері, Сәкен Майғазиевтің Smart-мектебі және белсенді жастар қатысты.
Акция барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы оркестрімен еліміздің Мемлекттік Гимні орындалды. Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары, «Ирныхас» Осетин этномәдени бірлестігінің төрғасы Мамсуров Казбек Владимирович құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш мерекенің маңызы жайлы айтса, ҚХА жанындағы «Жарсым» РЖҰ Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі Абдимитова Дилярам Жалалдинқызы «Мемлекттік рәміздер – еліміздің өткені мен бүгіні арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі» екенін атап кетті. Сонымен қатар, Сәкен Майғазиевтің Smart-мектебінің оқушылары Құлназаорв Мейрамбек «Қазақстан» әнімен, Муслимов Дамир «Қазағым» әнімен, Әділбек Әділет – «Бәріміз қазақпыз» әнімен мерекенің сәнін кіргізді.
Мерекелік акцияны Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.