ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ ҚАТЕСІНЕН ШУ ШЫҚТЫ
2019 ж. 31 мамыр
2393
0
Павлодарда жалға берілген пәтерлердің бағасы қымбаттап шыға келді. Аяқ астынан мемлекеттен берілген үй бағасының мұншама өсіп кеткеніне мүгедектер мен көпбалалы отбасылар түсінбей дал.
Сөйтсе, жұртты дүрліктірген қымбатшылық әу баста әкімдік қызметкерлерінің жіберген қателігінен кейін пайда болыпты. «Үйлер берілгенде жалдау ақысын есептеуде мамандар қате жіберген. Бағаны мүлдем төмен есептеген. Сол қателіктері үшін олар тәртіптік жауапқа тартылды. Қаржы мамандарынан қателігінен жұрт пәтерлерді су тегін алды. Енді баға қайта есептеліп, қателік түзелді», – дейді Павлодар қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің меңгерушісі Ерік Слан.
qazaquni.kz