ҚАРЖЫҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
2019 ж. 31 мамыр
2140
0
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші олқылымда мақұлданды.
Заң жобасының негізгі мақсаты – қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын бөлу, тұтынушылық несиелеу тәуекелдерін шектеу бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу. Осы құжат аясында 10 кодекс пен 30 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобасы қаржы саласына қатысты бірқатар міндеттерді шешуге бағытталған. Осы орайда Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін әрі республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қаржы секторын реттеудің тәуелсіз органын құру; ҚР Ұлттық банкі мен жаңа реттегіш арасында құзыреттердің аражігін ажырату; тұтынушылық несиелеу нарығында реттеушілік төрелік пен жүйелік проблемаларды жою; депозиттерге кепілдік беру жүйесін жетілдіру ескерілген. Бұл ретте Қазақстанда қаржы нарығын реттейтін жаңа агенттік құру жоспарланып отыр. Жаңа агенттікті Ұлттық банк сияқты ҚР Президентіне тікелей бағыну және республикалық бюджет есебінен қаржыландыру ұсынылды. Сонымен қатар, қызметшілердің мәртебесі Ұлттық банк қызметшілерімен теңестіріледі. ҰБ мен жаңа агенттіктің қызметі тығыз үйлеседі. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк пен агенттік Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңестің қызметі шеңберінде өзара іс-қимыл жасайды. ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев жаңадан құрылатын агенттік Алматыда орналасатынын айтты.
qazaquni.kz