Италиядағы ірі жол апаты: тоғыз қазақстандық зардап шекті
2019 ж. 23 мамыр
1434
0
Сыртқы істер министрлігі Сиена провинциясындағы (Италия) жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды sputniknews.kz.
Сиена провинциясында сәрсенбі күні 60 турист мінген автобус аударылды. Жол апаты салдарынан ресейлік әйел қаза болды. Зардап шеккендердің саны 37 адамға жетті.
Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды, қалған төртеуі қонақүйге орналастырылады.
"Зардап шеккен қазақстандықтардың омыртқасы, бұғанасы, қабырғалары сынып, көптеген жарақат алған", - деп атап өтті ведомство.
Қазақстандық дипломат отандастарымыздың қасында, барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Зардап шеккендердің туған-туыстарына да жол апаты туралы хабар берілді.