Алматы облысында жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
2019 ж. 20 мамыр
2956
0
[caption id="attachment_100039" align="aligncenter" width="530"] Фото: facebook/police7su[/caption]
Алматы облысында жоғалып кеткен 18 жастағы Айгүл Амангелді өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қыздың денесі 19 мамырда шамамен сағат 17.30-да Талғар ауданы Белбұлақ ауылының маңындағы таулардан табылған.
"Туыстары қыздың денесін таныды. Денесінде ешқандай зорлық белгілері жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз өз-өзіне қол жұмсаған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 18 жастағы студент қыз 13 мамырда жоғалып кеткен болатын.