Байділдә ЖЫЛҚЫШИЕВ: ШАРТАРАПҚА АТЫ КЕТКЕН ШАРДАРА
2011 ж. 06 тамыз
3609
0
Бай Байділдә ЖЫЛҚЫШИЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі:
ШАРТАРАПҚА АТЫ КЕТКЕН ШАРДАРА
– Қызылқұм мен Сырдың ортасында орналасқан аудан тарихы және бүгінгі келбеті жөнінде қысқаша айтып өтсеңіз?
– Шардара ауданы табиғатының өзіндік ерекшелігі көп. Бір жағында төрт түлік малға толып, сексеуілі сыңсыған Қызылдың құмы болса, екінші жағында жағалауы ен тоғайлы Сырдың суы бар.Бүгіңде шағылы мен шағаласы, малы мен мақтасы араласып жатыр. Бір кезде ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның аяғы талатын осы Қызылқұм алқабын игеру 1958 жылы басталды. 1967 жылы қуаты 100 мың квт-сағат Шардара су электр стансасы мен сыйымдылығы 5 млрд. 700 млн. текше метрлік су қоймасының құрылысы толық аяқталып, іске қосылды. Сөйтіп, шағыл құмның арасында шағалалы Шардарада жасанды теңізі пайда болды.Қысқа мерзім ішінде ұзындығы 107 шақырымдық Қызылқұм магис- тральды каналы пайдалануға беріліп, 70 мың гектардан астам суармалы жер игерілді.Ауылшаруашылығын реформалаудың нәтижесіңде ауданда 3550 шаруа қожалығы құрылған. Сонымен қатар, «Комсомол», «Жайсаң, «Қызылқұм» мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары жұмыс істейді.
– Ауданның бүгінгі ажары мен ахуалына қарап өткен жылдың қорытындысы ойдағыдай болғанын байқауға болады...
– 2000 жылдың әлеуметтік экономикалық дамуы туралы айтар болсақ, жергілікті бюджетке континент бойынша 240750 мың теңге кіріс жасалып. жоспар 119 пайызға орындалды. Оның 154370 мың теңгесі аудан бюджетіне түсті. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 710 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 146 пайызға жетті. Атап айтқанда 13 кәсіпорында өсімдік майын, ұн, күріш, мақта өңдеу қызметтері едәуір ұлғайды. Оның ішінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мақтаны қайта өңдеуді "Шардара-Мақта" жабық акционерлік қоғамы (Президенті Аманолла Раманқұлов) 3 есеге өсіріп 300 млн. теңгенің өнімін өңдірді.
– Көктемгі дала жұмыстары калай жүргізілді?
– Мақта шаруашылығын дамытуға инвестиция тартылуда. Үстіміздегі жылдың 1-ші мамырына өнім қабылдайтын мекемелер мен акционерлік қоғамдар 294,2 млн. теңге инвестиция жұмсады. Одан басқа Польша Республикасының РФК "Соtton" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Жаушықұм" өңірінен жер игеруге және ауылшаруашылығы дақылдарын өндіруге 13.4 млн. теңге қаржы бөлді.Күздік, жаздық арпа, бидай орағы – 919 гектар көлемінде белгіленіп отыр.Ауданда 2001-2002 жылғы мал қыстату науқанына – 52,1 мың қой мен ешкі, 11,7 мың бас сиыр, 2,6 мың жылқы, 0,9 мың түйе түседі деп күтілуде. Қажетгі сояулы шөп мөлшері – 48 мың тонна,құрама жем мөлшері – 3,0 мың тонна. Сонымен бірге соғыс ардагерлеріне "Комсомол" «Жайсаң», «Қызылқұм» мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары есебінен жеңілдетілген бағамен әр біріне 2 тонна көлемінде (1 тоннасы тегін) пішен босатып оны тасымалдап беру мүмкіндіктерін іске асыру белгіленді.
– Аудан экономикасының өсуі – шағын және орта бизнестің дамуына да байланысты екені белгілі...
– 2001 жылғы қаңтардың 1-не ауданда жұмыс істеп жатқан 3876 кәсіп- керлік субьектілер бар, олардың 41-і занды, 3835-і жеке тұлғалар. Бұл сала бойынша 3904 млн. теңгенің өнімі (қызмет, жұмыс) өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен 1999 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2,3 есе артық. Кәсіпкерлік субьектілерде 10311 адам жұмыс істейді. Жұмыс істеушілер саны бір жылда 3727 адамға көбейді.Аудандағы салық түсімінің 25 пайызы шағын кәсіпкерлік субьекті- лерден түсті. Әрбір жұмыс істеуші кәсіпкерлерге шаққанда 2957 теңгеден айналды.Ауданда бос тұрған 60 обьектінің 29-ы кәсіпкерлерге сатылды, 14-і жалға берілді. Құрылысы бітпеген 4 обьектінің 3-і сатылды, 27 жер учаскесінің 23-і сатылды, 4-і тегін берілді. Бес пәтердің жанынан жаңадан құрылыс жасауына рұқсат берілді.
– Шардара ең алдымен ауылшаруашылығы дамыған аудан ретінде белгілі ғой...
– Иә, дұрыс айтасыз. Аудандағы ең негізгі саланың бірі – мақта шаруашылығы. Осы саладағы кәсіпкерлік тұлғаларды қолдау және да- мыту мақсатында 2000 жылы жалпы 1014 тонна жанар-жағар май жеңілдік бағамен беріліп, 42 мың тоннадан астам шитті мақта өңдіруге септігі тиді.
1999 жылы аудаңда 7 мақта қабылдау пункті жұмыс істеген болса, 2000 жылы жаңадан соңғы талаптарға сай жабдықталған 19 мақта қабылдау пункттері ашылды. Осы мақта қабылдау пункттері ауыл шаруашылығына 310 млн. теңге инвестиция тартты. Ал 2001 жылы ауданда "НИМЕКС" ЖШС жанынан 2-ші мақта өңдеу зауыты іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылады деп отырмыз.Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласы бойынша – "Ақ ниет" көтерме базар ЖШС-не бюджеттен бөлінген 600 мың теңге несие каржыға тәулігіне 10 тонна өсімдік майын өңдіретін цехын жұмысқа қосты. Жаңа 8 адамға жұмыс орны ашылды.Құс шаруашылығы бойынша – 8,5 мың бас тауық шөжелерін бағатын жай жасаған жеке кәсіпкерге бюджеттен 300 мың теңге несие қаржы берілді, жаңадан 6 адам жұмыспен қамтылды.Жалпы 2000 жылы 15 жаңа кәсіпорын субьектілері құрылып, 156 адамға жұмыс берілді.Қазір аудандагы 51,2 мын гектар суармалы жерлердің – 44,4 мың гектары игерілді.Бір кезде күміс дәні – ақ күрішімен Одақта озат болған Шардара ауда- ны қазір ақ алтынға басымдык беріп, шитті мақта өндірісі артты. Оның өнімділігі 2000 жылы әр гектардан – 20,2 центнерге жеткізіліп – 41,7 мың тонна өнім дайындалды немесе 1999 жылмен салыстырғанда –19 мың тоннаға артық. Яғни, екі есеге жуық десек те болады. Мақта өндірісінен – 2 млрд. 214 млн. теңге табыс алынды. Күріш –1060 гектар жерге орна- ластырылып, 3357 тонна күріш дәні дайындалды, өнімділігі әр гектардан – 31,6 центнер.
– Халықтың әлеуметгік жағдайы, жұмыспен қамтылуы жөнінде не айтасыз?
– Республика Президенті мен облыс әкімінің осы мәселелерге бай- ланысты тапсырмаларын орындау бағытында нақтылы шаралар жүзеге асырылуда. Балалар үшін берілетін жәрдемақы бойынша қарыз 2000 жылдың 1- қаңтарында 13 млн. 628 мың теңге болатын. Жылдың алғаш- қы тоқсанында бұл қарыз толық өтеліп, 2001 жылғы 1-қаңтарға дейін 7 млн. теңге жөрдемақы төленді. Ауданда 109 соғыс ардагері тұрады. Олар- дың әрқайсысына ай сайын 50 кв. сағат электр қуаты және жылына бір рет жеткілікті мөлшерде жем- шөп тегін берілді. Ең аз қамтамасыз етілген 390 отбасы тұрақты қамқорлыққа алынып, оларға жыл басынан бері 977469 теңгенің ақшалай, заттай жәрдемі көрсетілді. 39 жетім бала өздері оқитын мектептердің қамқорлығына алынып, киім-кешекпен тұрақты қамтамасыз етілді. Асыраушысы жоқ күн көрісі төмен 14 адам асханаларға бекітіліп, оларға бір мезгіл тегін ыстық тамақ берілуде. Аудандағы қала ауыл әкімдері, кәсіпорын, мекеме басшылары болып 110 жалғызілікті қарттарды қамқорлыққа алған едік. Оларға жыл бойы 396400 теңге көлемінде ақшалай және заттай жәрдем берілді.Елбасымыз алға қойған нақты міндеттердің бірі жұмыссыздыққа қарсы күрес екені белгілі. Ауданда жыл басынан бері ресми тіркелген жұмыссыздар саны 695 адам. Өткен 2000 жылы 353 адам жұмысқа орналастырылып, бағдарлама 117,7 пайызға орындалып отыр. 420 адам бағдарламаға сәйкес ақылы қоғамдық жұмысқа қамтылды. Жұмыс-сыздарды барынша қысқарту бағытында өткен жылы бағдарламада белгіленген 2126- ның орнына 3000-нан астам жаңадан жұмыс орындары ашылды.
– Ағарту-білім саласына қамқорлық жасалу дәрежесі қандай?
– Ауданда 30, оның ішінде 17 орта, 2 орталау, 11 шағын комплектілі мектеп бар. Оларда 1631 мұғалім қызмет етеді. 19032 оқушы білім алады. 20 мектеп, оның ішіңде 11-і жаңа үлгідегі компьютермен жабдықталған. 1999 жылы Горький атындағы орта мектепке 2,060 млн. теңгеге, 2000 жылы Шардара орта мектебіне 4,2 млн. теңгеге кіші жылу қазандықтары орнатылды. Сонымен қатар Құрманғазы атындағы орта мектепке 2,1 млн. теңгеге қайта реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.Мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамту мақсатыңда 1сырттан (оқыту мектебі ашыльш, оған 250 оқушы тартылды. Қаладағы кәсіптік-техникалық мектеп базасында 150 орынды мектеп интернат істейді. Биыл өзін-өзі қаржыландыру үшін мүмкіндігіне қарай мектептерге 106 гектар жер бөлініп берілді.
– Жайшылықта ескеріле бермесе де, Мәдениетгі қолдау жылы мәдениет өкілдеріне баса назар аударылған болар... Өйткені Молда Мұса Жұманазар-ұлы, Қалижан Бекхожин, Мұқағали Мақатаев, Шәмші Калдаяқов, Олжас Сүлейменов, Төлеген Айбергенов, Са- бырхан Асанов сынды талай тарландардың өлеңдеріне арқау болған Шардарада шартарапқа аты кеткен таланттар аз емес қой...
– Иә. Шардара ауданы мақтасымен ғана емес, майталмандарымен де елге әйгілі. Өзіңіз айтпақшы, дарыңдарға кенде емес... Екі астанада, Шымкентте, яғни шетте жүргендерді айтпағанның өзінде осында "Қара бауыр қасқалдағымен" алты алашқа аты кеткен сазгер-әнші Лесбек Аманов, әнші-термеші Бейсенбек Бибосынов, сазгерлер Мамыр Жалаңбасов, Әкім Мұсақұлов, ақын Нұрғали Ибрайым еңбек етуде.Былтыр әнші Б.Бибосынов пен ақын Н.Ыбрайымның шығармашылық кештері дүркіреп өткізілді. Мәдениетті қолдау жылына байланысты ауданымызда бірқатар нақтылы жұмыстар атқарылды. Елді мекендердегі жабылып қалган 9 клуб, 2 кітапхана қайта іске косылды.Қазір ауданда 1 кинотеатр, 14 кітапхана, 9 клуб пен мәдениет үйі халық игілігіне қызмет етуде. Аудан орталдығындағы кинотеатрды жөндеу үшін 2 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Мәдениет үйлері мен клубтарды ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізудің кестесі түзіліп бекітілді. Сонымен қатар 2001 жылы 1 саз мектебінің ашылуы жоспарлануда. Аудандағы халық театры жұмысын қайта бастады. Өнерпаздар үшін барлық қамқорлық жасалды. Оларга 700 мың теңгеге жаңа музыкалық аспап әперіліп, киім тіктірілді.
– Шардара ауданы – экологиялық аймаққа жатқызылады. Сондықтан да аудан халқының денсаулығы ең бірінші назарда ұсталатын болар...
– Қазір денсаулық сақтау саласында да оңды өзгерістер жоқ емес.Сала қызметкерлерінің жалақы жөніндегі соңғы екі-үш жылдық қордаланып қалған қарызы толық өтелді. Қазір олар айлық еңбекақысын уақытылы алып келеді. Аудаңда 1 аудандық аурухана, тубдиспансер, стомполиклиника, 3 селолық аурухана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт бар.Бюджет тапшылығына қарамастан Республика Президентінің "Қа- зақстан халқы денсаулығын жақсартудың шұғыл шаралары туралы" Жарлығын орындау мақсатында аудандық ауруханаға 2 млн. теңгеге УЗИ аппаратын, тубдиспансер мен поликлиникаға туберкулез ауруын анықтайтын 2 аппарат алып берілді.Тубдиспансерде әр ауруға берілетін тамақ мөлшері 150 теңгеге, дәрі-дәрмек 170 теңгеге өсті. Туберкулезбен ауырып, ДОТ 8 бағдарламасы бойынша емделіп жүргендердің тексерілуі үшін аудандық тубдиспансерге тегін-келіп кетуі қамтамасыз етілді. Осы мақсаттың өзіне 50 мың теңге қаралып отыр. Қауіпті топтағыларды (группа риска) тексеруден еткізу үшін 100 мың теңге бөлініп, жылжымалы флюороаппарат іске қосылды.Денсаулықты жақсартудың басты кепілі – спорт. Соңдықтан салауатты өмір салтын орнықтырып, спорт пен дене тәрбиесіне бұқаралық сипат беру басты назарымызда. Жерлесіміз Базарбек Дөңбаев – күрестен әлем чемпионы. Басқа да жастарымыз республикалық, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері. Әртүрлі спортгық жарыстарға биыл 17291 адам қамтылып отыр. Ауданда 74 спорттық секциялар бар, оңда 1342 жасөспірімдер спортпен айналысады. 2001 жылы қаңтарда 1 спорт мектебі ашылды. Президенттік сынамаға 10670 адам қатысып, сәтті тапсырды. 2000 жылы спорттық іс-шараларға 250 мың теңге бюджеттен, 95 мың теңге аудан әкімінің резервтік қорынан бөліңді. Аудан бойынша биыл 8 жаздық спорт алаңы қалыпқа келтірілді.
– Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі жылындағы іс-шараларыңыз туралы айтсаңыз?
– Ауданда ел Тәуелсіздігінің 10 жылдығын лайықты өткізу мақсатында іс-шаралар түзіліп, жүзеге асырылуда. Осы мерейтой аясында Наурыз мерекесі жоғары деңгейде, ұйымшылдықпен өткізілді. Онда 16100 адамға қайырымдылық ас,140 адамға материаддық көмек берілді. Ауданның барлық мектептерінде "Менің елім – Қазақстан" фестивалі өткізіліп, оның жеңімпаздарының қорытынды концерті Шардара қаласындағы Абай кннотеатрында өтті. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы жылы ауданда саз және спорт мектептері кайта іске қосылып, оларда 24 жаңа жұмыс орындары ашылды. 110 оқушы саз үйірмелеріне және 300 оқушы спорт секцияларына тартылды.Тәуелсіздік мерейтойына тарту ретінде "НИМЭКС корпорацясы" жауапкершілгі шектеулі серіктестігі (Президенті Нұрлан Қаныбеков) Қызылқұм ауылдық округінің аумағында,"Мырзакент" акпионерлік қоғамы (Президенті Салдар Жамалов) Көксу ауылдық округінің аумағыңда мақта зауыттарының кұрылысын жүргізіп жатыр. Олар биылғы жылдың өнімін қабылдауға дайын болады деп күтілуде.Аудан бюджетінен жолдарды жөндеуге 1,5 млн. теңге бөлініп, қазір қала көшелеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.Қысқасы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығын лайықты қарсы аламыз деп үміттенеміз.
Қазыбек Жарылқасынұлы,
Шардара ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы.
ШАРДАРААңызақ пен аңыздың атырабы
Терең ойға теңіздей батырады.
Шардараның толқыны шабыт беріп,
Шағалалар алысқа шақырады.
Аймақта бұл ақ алтын – мақта басым,
Алтыннан да асырса ат бағасын...
Шабандоз боп кетуге шақ қаласың...
Көк аспаның астында шағыл кешсең,
Көк теңізге айнадай тап боласың.
Су қуатын аймаққа тартып әйгі,
Бағаналар сап түзеп, сән құрайды.
Көне кенттен көктеген көркем қала –
Шардараның шамдары жарқырайды...
Табанымның ізі бар әр тасыңда,
Табындырып қоясың тартасың да...
Құмстаннан айналдың Гүлстанға
Құрыш білек жандардың арқасында.
Жаушықұмда жау күткен ыза небір,
Ұмыт болып еңбекпен барады өңір...
Қоссейіттен аттансаң , құран оқып,
Ұзын ата тілейді ұзақ өмір...
Балық өрсе байлық боп көл түбінен,
Қызыл жыңғыл – қырдың бұл көркі білем...
Шөлдалаға секілді күретамыр,
Сырдария сыр айтар толқынымен.
Маң даланың мыңғырған маңайы мал,
Табысқанның дәл мұнда әр айы бал...
Жиде гүлдеп кеткенде жиі келсең,
Тараңғылы тұтасқан тоғайы бар...
Сана оятар сарғ,айған сағанасы,
Көктеп кетер көк тірер бағанасы
Шыбығынан шыр жиған шырын сорып,
Шыбықтасаң кетпейді, бал арасы...
Қызылқұмда сезініп жыр ыстығын,
Барады ысып көңілім тегіс бүгін.
Шамам келмей шабытқа шалқимын мен
Бас айналар Бақыттан Кеңістігім!
Тек туған жер жазады жүрек емін,
Текті ақынның қадірін біледі елім.
Төрт бұрышын дүниенің шарлап келіп
Төрт қақпаңа мен сенің тірелемін!
Қазыбек ИСА
№23(34) 14 маусым, 2001 жыл.
qazaquni.kz
(Мақала "Қазақ үні" газетінің архивінен алынып жарияланды)