Заманбек Нұрқаділов: "АҚ ЖОЛДЫ" ЕКІГЕ БӨЛГЕН АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЕВ
2009 ж. 17 шілде
3081
0
"Қазақ үні" кітапханасынан
"Мен Алтынбекті білмесем, бұлай айтпас едім..."
Қазір "Ақ жол" партиясындағы жағдай ел аузынан түспей тұр. Осы мәселе бойынша мәлімдеме жасаған Заманбек Нұрқаділовтің сөзін тәуелсіз және мемлекеттік телеарналар түгел таратты. Біз де белгілі саясаткерді сөзге тартқан едік. – Партияның бөлінуінің себебі неде? – Біріншіден, партияға байланысты айтарым, дүниежүзінде партия болсын, ұйым не мекеме болсын, оны 5 адам басқарып отырғанын осы уақытқа дейін көрген жоқ едім. Екіншіден, солардың арасында биліктің ықпалынан ешқашан кетпеген, астыртын жұмыс істеген, партияны бүлдіріп, солардың арасына іріткі салуға, сөйтіп Әлихан Бәйменовті шығарып тастауға әрекет етіп, жұмыс жүргізген Алтынбек Сәрсенбаев. Ол туралы мен кеше мағлұмат бердім. – Яғни, биліктің әсері бар дейсіз ғой. – Енді билік тапсырмасымен келіп, оны орындап, партияға іріткі салып, бөліп отырса солай болғаны да... – Партияның болашағы қандай болады? – Мен басты кінәлі кім екенін айтып бердім. Енді партияның мүшелері төтенше съезд шақыруы керек те, одан кейін ашық талқыға салу керек. Келіспейтін адамды партиядан шығару керек те, одан кейін ашық талқыға салу керек. Келіспейтін адамды партиядан шығару керек те, бір басшы таңдап алып, Саяси атқару комитетін сайлап алып, жұмыс істеу керек. – Бұл бөлініс қазақ оппозициясының басы бірікпейді деген сөзді расқа шығара ма? – Бұл қазақ оппозициясына ғана тән бе екен... Ресейде де солай. "Союз правых сил" бар,басқасы бар, әрқайсысы өзінше кетті ғой кезінде... Партияда, ең алдымен, темірдей тәртіп болуы керек. Партия бір идеяға қызмет етіп, жұмылған дұдырықтай болуы тиіс. Егер әртүрлі идеялар бас көтерсе, онда съезд шақырылып, партия тазаланып отыруы керек. – Әлихан мен Алтынбек бір-бірін кінәлауда. Әсіресе, Әлиханға кейбір басылымдардың қатты шүйлігуінің себебі неде? – Оппозициялық газеттердің көбісіне ақша төлеп отырған Алтынбек, содан соң оның айтқаны болады. Сен бұл сұрақты менің сөзіме сенбеген соң қойып отырсың ба? Егер мен Алтынбекті білмесем, бұлай айтпас едім. Мысалы, мен Алтынбектей Әлиханды онша жақсы білмеймін. Болат Әбіловті де онша білмеймін. Ораз Жандосовпен бірге жұмыс істеген жоқпын. Төлеген Жүкеев туралы да жақсы білмеймін. Бірақ біреуі туралы айтқан жоқпын. Ал Алтынбекті біле тұра, оның Әлиханды сатылып кетті дегенін естіген соң, мен соны білейін деп өзімнің "источниктеріме" шықтым да, нақты дәлелдерге тап болдым. Алтынбек нағыз биліктің адамы болып табылады. Мен оның бүгінгі рөлі, кімнің позициясына қызмет етіп отырғанын айтып отырмын. Жармаханды жүрістен жаңылдырып, Үйлестіру кеңесін тығырыққа тіреп, партияны екіге бөліп, әлсірету – Алтынбектің алған тапсырмасы болды. Әлиханды қаралап отырған газеттердегі адамдардың бәрі Алтынбектің айтқанын істейді. Айтқанын істемеп еді, Нұртөрені не қылды, қызметтен кетірді. Журналистерге бұдан да артық қысым бола ма, болмай ма?!Қазыбек ИСА
"Жас қазақ үні" газеті №08 (174), 25.02-04.03.2005 жыл qazaquni.kz