«7-20-25» бағдарламасымен «Нұрлы жердің» тұрғын үйін қалай сатып алуға болады
2019 ж. 25 ақпан
2900
2
Нарықтан үй алғанда «7-20-25» қатысушылары пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдаса, мемлекеттік тұрғын үйді алған кезде пәтерлер туралы ақпаратты жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет деп хабарлайды Елорда Инфо «Баспана» ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.
Бұған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары арасында бөлініп келген еді. Енді, тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуге байланысты жыл басынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар да қол жеткізетін болды. Соңғы 5 жылда азаматтың басында үйдің болмауы және жинақталған депозит сынды ешқандай талаптар жоқ. Қағидаларға сәйкес әкімдіктер пәтерлер туралы хабарландыруды тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.
2019 жылғы кредиттік тұрғын үй құрылысының жоспары (ҚР ИИДМ деректері бойынша) |
|
Өңірлердің атауы |
Пәтерлердің саны |
ҚР бойынша барлығы |
11 797 |
Ақмола облысы |
240 |
Ақтөбе облысы |
778 |
Алматы облысы |
458 |
Атырау облысы |
1 136 |
ШҚО |
607 |
Жамбыл облысы |
800 |
БҚО |
1 108 |
Қарағанды облысы |
576 |
Қостанай облысы |
1 604 |
Қызылорда облысы |
600 |
Маңғыстау облысы |
103 |
Павлодар облысы |
504 |
СҚО |
78 |
Түркістан облысы |
858 |
Шымкент қ. |
904 |
Алматы қ. |
540 |
Астана қ. |
903 |
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтердің жалпы аумағы 80 шаршы метрден аспауы тиіс. Осыған байланысты, көбінесе 1-2-3-бөлмелі пәтерлер салынады.
Әкімдіктер арқылы қолжетімді пәтерді «7-20-25» арқылы сатып алар жағдайындағы ай сайынғы төлемдердің болжамды есебі мынадай:
Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларындағы пәтерлер |
Ай сайынғы төлем, теңгемен (қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде) |
1-бөлмелі (37 ш.м жоғары) |
37 317 |
2- бөлмелі (50 ш.м жоғары) |
50 888 |
3- бөлмелі (65 ш.м жоғары) |
66 154 |
Басқа өңірлердегі пәтер |
Ай сайынғы төлем, теңгемен (қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде) |
1- бөлмелі (37 ш.м жоғары) |
29 400 |
2- бөлмелі (50 ш.м жоғары) |
39 579 |
3- бөлмелі (65 ш.м жоғары) |
51 453 |