ІІД телефондарын тіркемеген қазақстандықтардың байланыссыз қалатынын ескертті
2018 ж. 22 қазан
5591
0
ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап абонеттерді міндетті тіркеу ережесі іске қосылатынын ескертті.
Бұл туралы stan.kz хабарлады.Абоненттерді IMEI-код, SIM-картасы мен ЖСН нөмірі бойынша тіркейді. Бұл қазақстандықтардыңқ қауіпсіздігі үшін қолға алынған.
“Егер біреудің телефонын ұрласа, базадан ол телефонды алып тастауға болады. Базада телефон ұрланған деп шықса, оператуорлар да байланысқа құлып қояалады”, – дейді ІІМ өкілі.
Телефон байланысы абоненттік құралдарын тіркеу ережесі Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2018 жылғы мамыр айындағы бұйрығына сәйкес бекітілді.