7-20-25 бағдарламасы бойынша алғашқы ипотеканың қашан берілетіні белгілі болды
2018 ж. 24 мамыр
7501
7
“7-20-25” арзандатылған ипотека бағдарламасы бойынша алғашқы қарыз күзге дейін берілетін болады. Бұл туралы инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдында есеп беру кезінде айтты.
Бұл туралы BNews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Мамыр айы мен маусым айының алғашқы жартысында бағдарлама қабылданады деп күтілуде, ал алғашқы ипотека екінші жартыжылдық басталғанға дейін беріледі. Нақты датасын айта алмаймын. Маусым бола ма әлде шілде бола ма, белгісіз. Бірақ алғашқы ипотека үшінші тоқсанда беріледі деп күтілуде”, – деп уәде берді министр.
“Алдағы 2-3 айдың ішінде алғашқы ипотекалық қарыз беріледі деп ойлаймын”, – деп атап өтті министр.