"ҚАЗАҚ ҮНІ" порталына пікір жазу ережесі ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ (ФОТО)
2018 ж. 30 мамыр
5192
10
Құрметті оқырман! «Ақпараттандыру туралы заңның» 36 бабына сәйкес "Қазақ үні" порталына пікір жазу ережесі өзгертілді. Енді әрбір оқырман SMS верификациядан өткен соң ғана мақалаға пікір жаза алады. Аталмыш заңда 2017 жылдың 28 желтоқсанында бекітілген түзетулер бойынша желілік басылымдар үшін міндеттеме қосылған. Бұндай қадам ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуы мен арандатудың алдына алу мақсатында жасалып отыр.
Біз қалың оқырманның бұған дейінгі пікір жазу ережесінің қиындатылғаны туралы сансыз ескертпелері мен өтініштерін оқып, тіркеліп, пікір қалдыру жүйесін жеңілдеттік.Енді пікір білдіргіңіз келсе:
1. ТІРКЕЛУ батырмасын басыңыз;
2. Өз ұялы телефоныңыздың нөмірін енгізіңіз. Нөмір жазғаннан кейін "SMS код жіберу" батырмасын басу қажет. Телефоныңызға келген құпия кодты "Құпия код" деген жерге енгізесіз. Одан кейін "Құпия сөз" деген жерге өзіңізге ыңғайлы ПАРОЛЬ ойлап жазасыз.
3. ТІРКЕЛУ батырмасын басыңыз.Енді кез-келген мақалаға пікір жазу үшін телефон нөміріңіз бен ПАРОЛЬді енгізу арқылы сайтқа кіре аласыз. Ол үшін сайттағы КІРУ батырмасын бассаңыз жеткілікті.
МАҢЫЗДЫ! Егер Сіз парольді (құпия сөз) ұмытып қалсаңыз, тіркелу парақшасындағы "ҚҰПИЯ СӨЗДІ ҰМЫТТЫҢЫЗ БА?" тетігін басыңыз. Ашылған ұяшыққа телефон нөміріңізді қайтадан енгізесіз. Ұялы телефоныңызға жаңа пароль келеді. Сол парольмен жеке кабинетке кіріп, профайл ішінде есте сақтауға ыңғайлы жаңа парольді өзгерте аласыз.
Жеке кабинетке "КІРІҢІЗ" тетігін басу арқылы кіріп, сіз өзіңіздің мәліметтеріңізді еркін өзгерте аласыз.ЕСКЕРТУ! Сайтқа тіркелуші тіркелу арқылы сайт ережелерімен түгелдей келіседі әрі заң талабын сақтауға міндеттеледі.
«Ақпараттандыру туралы заңға сай» желілік басылым және ұялы байланыс операторы сайт оқырмандарының (абоненттердің) жеке мәліметі таралмауына кепілдік береді.