Қазақстанда Telegram желісі бұғатталуы мүмкін
2018 ж. 04 сәуір
10128
2
Қазақстанда Telegram мессенджері бұғатталуы мүмкін немесе мүмкіндігі шектеледі. Бұл мәселені ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қарастырып жатыр.
Бұл туралы министр Дәурен Абаев өз блогында айтты, деп хабарлайды Stan.kz. Қазақстандықтардың бірі өзінің рұқсатынсыз Telegram-дағы Әблязов құрған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының арнасына қосып қоятынын айтып, шағымданды.
Қазақстандық Гүлжауһар Исабекова өзінің пәрменісіз қозғалыстың тобына наурыз айында қосып қойған.
“Бұл Қаазақстанда экстремистік топ деп танылған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысы”. Әлеуметтік желідегі мұндай топтарды Telegram әкімшілігі арқылы бұғаттауыңызды өтінемін”, – деп жазды ол.
Министрдің жауабында, Telegram әкімшілігіне сот шешімін жүзеге асыру туралы ресми хабарлама жіберілген. Онда Қазақстанда тіркелмеген қозғалыстың материалдарына шектеу қою немесе желідегі тобын бұғаттап тастау сұралған.
“Егер жіберілген хабарламада жазылған сот үкімі орындалмаса, Telegram желісі бүкіл Қазақстан аумағында бұғтталатын болады”, – деді Абаев.
13 наурызда Қазақстан бас прокуратурасы Әблязов құрған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысын экстремистік топ деп таныды.