ОРАЗАНЫҢ 14 ПАЙДАСЫ
2017 ж. 28 мамыр
4114
0
1. Ораза лимфоциттердің жұмысын жетілдіреді, адам ағзасының қорғаныш жүйесін нығайтады, иммунитеттерге қатысты жасушалардың құрамын жаңартып, жақсартады.
2. Ораза адам денесін май басудан, семіруден сақтайды, оның зардаптарын залалсыздандырады. Бұған дұға, Құран, намаз оқып қана қол жеткізуге болады.
3. Ораза бүйректі тас жиналудан қорғайды. Себебі ол кальцийлену процесіне кедергі жасайды, қандағы натрий құрамын көбейтеді. Мұның бәрі несеп жолында тас жинайтын тұздың бөлінуіне тосқауыл болады.
4. Ораза адам ағзасын жасушалар мен тіндерде түзілетін зиянды заттармен уланудан сақтайды.
5. Ораза ұстаған адамның ас қорыту жүйесі, оның қосалқы жүйесі жақсы жұмыс істеп, ас қорыту мен сіңіруге барлық мүмкіндік ашылады. Бұл жүйелер дұрыс жұмыс істейді.
6. Ораза кезінде (ауыз бекіткеннен ауыз ашқанға дейін) әсіресе, жастардың жыныстық сезімдерінде сабырлылық орнайды. Бұл жастардың жүйкелік және физикалық қажуын тоқтатып, оларды тәртіптен ауытқызбайды.
7. Оразаның ақыл-естен айырылу дертіне де шипасы мол. Мәскеудің психиатрия институты ашығу және диетаның көмегімен ақылдан адасушылықты емдеуге болатынын анықтап отыр.
8. Ораза әйелдердің бала көтеру қабілетін арттырады, ер адамдардың бел күші бұрынғыдан да күшейеді.
9. Оразада су ішуден тартыну ағзаның қуатын нығайтады, оқып-үйрену қабілетін жоғарылатады, зердені жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады.
10. Оразада адам ағзасындағы түзілімнен бұзылым басым болып, ол ауру, әлсіз жасушаларды жояды, қайтадан қалпына келтіру кезеңі басталып, жасушалар жаңарады.
11. Оразада шын жүректен Алла Тағалаға сыйыну сабыр мен қанағат сезімін сыйлап, ол ағзадағы зат алмасу қызметін нығайтып, адамның тәні мен жанын сауықтырып, қуанышқа бөлейді.
12. Ораза адамды жауапкершілік пен өзін-өзі тәртіпке шақыруға үйретеді, себебі ол оразаны іштей де, көптің көзінше де ұстайды емес пе?
13. Ораза адамды ешқандай пайда көздемейтін риясыз сезімге, төзімділікке үйретеді. Бұл кезде ол аштық пен шөлді, басқа да қолайсыздықты еш наразылық білдірмей көтеруді үйренеді.
14. Ораза адамға қаржыны қалай үнемдеп, ақша қорын қалай байыпты түрде қалыптастыруға болатынын көрсетеді. Егер әр нәрседе қанағат білдіретін болса, үй шаруасын жүргізуге де қаржы аз жұмсалады.
otyrar.kz