Биыл қасиетті Рамазан айы қашан басталады?
2017 ж. 11 сәуір
3870
0
Биылғы қасиетті Рамазан айы мамырдың 27 мен маусымның 25 аралығы болады деп хабарлайды Алматы қаласы орталық мешітіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Бұл айда ауыз бекіткен мұсылман баласы өзін барлық ойын-сауық, артық іс-әрекеттерден аулақ ұстауы қажет. Барынша жақсылық жасап, құран оқып, дұға-тілектер айтумен қатар, қайырымдылықпен айналысып, садақа беруде Рамазанның бұлжымас дәстүрі.
Ораза Шәуәл айының бірінші күні аяқталады. Биылғы жыл ол маусымның 26-27-не түседі.