Қалыңдықтың күйеуінің тегіне өтуі дінімізге қайшы ма?
2017 ж. 04 сәуір
3590
1
Жастар отбасын құрғанда қыз бала өзінің тегінде қалу керек. Өйткені Құранда әр адам баласы өз тегімен аталсын деген аят бар. Бұл туралы дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы айтып берді деп хабарлайды Baq.kz.
Сөйтіп халыққа «бауырлар, бүгіннен бастап Зәйд менің балам болады» деп жариялайды. Кейін оны жұрт Зәйд ибн Мұхаммед деп кетті. "Мұхаммедтің баласы Зәйд қой" деп айтатын адамдар. Бірақ Пайғамбарымызға «әр адам баласы өз ата-тегімен аталсын» деген аят түскеннен кейін, қайтадан халықтың алдына шығып, «бауырлар, Зәйд менің балам емес, Сабиттің баласы, ол менің бауырым болып қалады», - дейді. Әр адам өзінің ата-тегімен аталсын, деп халыққа ескертеді.
Осы жерде өте маңызды нәрсені айта кету керек. Кеңес Одағы кезінде дінімізге жат нәрселер кіріп кетті. Соның бірі некеге қатысты. Заң алдында некелескенде, қыз бала жігіттің тегіне өтіп кетті. Ол дұрыс емес, олай істеуге болмайды. Соны қаракөздерімізге айта жүріңіздер. Қыз өз тегінде қалу керек. Былайша айтқанда, қыз жігітке, жігіт қызға өтіп кетпеу керек. Әркім өзінің ата тегінде қалсын. Құранда әр адам баласы өз тегімен аталсын деген аят бар», - дейді Қабылбек Әліпбайұлы.