Жұмада мына 3 қателікке жол бермеңіз
2017 ж. 25 наурыз
7923
0
1. Жұма күні мешітке кіргенде жұма уағызы басталып кетсе, елдің назарын аудармай бос орынға жайғаса қалу керек.
2. Күндердің сұлтаны болған – жұмаға жеткізген Аллаға шүкірлік еткенде шүйіркелесуді шетке ысыра тұру сауапты іс болмақ. Сондықтан жұма күні имам мінберге көтеріле бастағанда, бірден әңгімені қою керек. Өйткені бұл кезде сөйлесу тахриман мәкрүһ (харамға жақын мәкрүһ) саналады. Құлшылық орнындағы күбір-күбір әңгіме уағызды естіртпегенімен қоса, Алла Тағаланы еске алуға да кедергі болмақ. Құтбадағы кейбір дұғаларда, іштен «әмин» деп айтуға болады.
3. Сондай-ақ бұл уақытта амандасу да, нәпіл намаз оқу да құптарлық іс емес.
Дереккөз: mazhab.kz