Жұмыс, үй тірлігі, бала тәрбиесі, күйеуді күту, достармен кездесу, өз-өзіңе көңіл бөлу – бәріне бірдей уақыт табу қиынның қиыны. Бұл тізімнің ішіне анда-санда бас сұғып тұратын қонақтарды, күтпеген кездесулерді қосыңыз.
Шаршамаудың құпиясын білесіз бе?
2017 ж. 02 наурыз
2975
0
Әр тірліктің оң және теріс энергия беретін қасиеті бар.
Егер сіз шығармашылықтың адамы болсаңыз, үй тірлігі, балалардың сабағын қарап, оларға ертегі айтып, тіпті жұмыстан кейінгі шаршауды ұмытып, олармен бірге ойнай аласыз. Себебі, жұмысыңызды шексіз жақсы көресіз.
Ал кейбір күш жұмысын талап ететін қызметкер әйелдер жұмыстан кейінгі уақытта көп нәрсеге мән бергісі келмейді. Күні бойы тынымсыз еңбек бар энергияны сорып алады, ал ол шаршап, тамақты әзер дайындап жүреді.
Егер әйел күш беретін іс-әрекетті жиі жасап тұрса, бұл көп көмек береді. Ал энергиясын керісінше сорып алатын іс-әрекеттерді өзіне «айналдырып» алса, құба-құп. Қалай дейсіз бе?
– Жұбайыңызды жұмысқа, балаларды сабаққа шығарып салу, балалардың үй тапсырмасын, күнделігін тексеру, үй тірлігі деген пунктерді махаббатпен орындаңыз.
– Сүйіктім де, балаларым да бүгінгі күнін сәтті өткізсін деген отананың бір ауыз тілегі тұтас шаңырақтың берекесін кіргізеді. Балалардың үй тапсырмасын тексеру дегенді оның болашағын ашу деп түсініңіз, оған деген махаббаты, әрдайым жанында болатыныңызды көрсетеді.
– Ал енді үй тірлігінен қашан қызыңыз бой жетіп, қолғанат болғанша немесе балаңыз ер жетіп, келін әкелгенше, болмаса аяқ асты байып үй қызметкерін алғанша құтыла алмайсыз.
Бұл тірліктерді де ыждаһаттылықпен жасасаңыз, айналдырған миллисекундтар бойы ғана жұмсайсыз.
«Қазір мына жерді жинап болған соң, отағасымен отырып, шай ішеміз, ескі суреттерді қараймыз» деп мақсат қойып, тындырсаңыз болады.
Сәттілік!
Дереккөз: massaget.kz