Қазақстанда 45 градусқа дейін қатты ыстық күтілуде
2021 ж. 09 тамыз
14414
0
Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 2021 жылғы 10-12 тамызға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Алдағы үш күнде орталығы Сібірдің батысында орналасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсерін сақтайды.
Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Бұл аймақтардағы температура фоны түнде 8...15-ке дейін төмендейді, ал күндіз 17... 22 градус жылуға дейін жетеді.
Республиканың қалған аумағында кең антициклон құрғақ және шуақты ауа-райын қамтамасыз етеді.
Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.