БЖЗҚ сайтында алуға болатын қаржы автоматты түрде көрсетіледі
2021 ж. 06 қаңтар
2273
0
Зейнетақы қорының сайтындағы салымшылардың жеке кабинетінде әр адам өз қаржысын қадағалай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге берілетін сома көрсетілген жаңа «терезе» пайда болды. Сондай-ақ жеке кабинетте өзіңіздің жеткіліктілік шегіңізді яғни шотта қанша қаражат қалуы тиіс екенін бақылауыңызға болады.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен, зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалануға болатындай, жағдай жасалуы тиіс деген еді. Қазір соңғы дайындықтар пысықталуда.