3 тамыздан бастап қандай нысандар жұмысын бастайды?
2020 ж. 28 шілде
1337
0
Осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елімізде карантиндік шектеулер біршама жұмсартылатыны туралы хабарлаған еді. Бүгін өткен Үкімет отырысында министр Алексей Цой 3 тамыздан бастап жұмысын қайта бастайтын салалар туралы айтты.
«Санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтап, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты ұстану керек. Егер 2020 жылдың 3 тамызында елде инфекцияның репродуктивтік деңгейі азайса, бір апта ішінде ауруханалардағы төсек-орындар босап, науқастар 70%-дан төмен болса, осы аурудың өлім-жітім динамикасы төмендеп, жағдай тұрақталса, онда бірқатар инфрақұрылым нысандарының жұмысына рұқсат етіледі», - депті министр.
Сонымен, 3 тамыздан бастап кімдердің жұмысына рұқсат?
– Сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік, азық-түлікке жатпайтын базарлар,
– балаларға арналған коррекция кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, 5 адамнан аспайтын үйірме топтарына,
– мектепке дейінгі мекемелердегі кезекші топтарға;
– сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық қызметтер, маникюр, педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен сүлулық салондарының қызметіне,
– әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, таза ауада жеке және топ болып спорт жаттығуларымен айналысуға;
– 30 адамнан аспайтын ұтттық құрама командаларға арналған спорттық жаттығуларға;
– 3 адамнан аса топтаспай, адамдарға көшеде, саябақтарда қыдыру, алаңдарға және жағалауға баруға рұқсат.
– Мемлекеттік қызметкерлер мен кеңсе қызметкерлерінің кемі 80%-ы қашықтан жұмыс жүргізеді.
Бетперде тағу, санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, кондукторы бар қоғамдық көліктерге жолаушылар санын 50%-дан асырмау міндетті.
Қандай нысандардың жұмысына рұқсат жоқ?
– Жаппай адам жиналатын шараларға, кинотеатрлар, фудкорттар, көңіл көтеретін ұйымдар, банкет залдары, ресторындар, барлар, түнгі және ойын клубтарының жұмысына,
– мәдени шаралар, конференция өткізу, форум, көрме өткізуге,
– фитнес орталықтар, бассейндер, аквапарктер, саяжайлардың жұмысына,
– діни нысандардың жұмысына,
– қала маңындағы жолаушылар поездарының (жұмыс поездарынан басқа электр пойыздарының) қозғалысына әлі де тыйым салынады.