Білім грантына құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды
2020 ж. 15 шілде
1403
0
Карантин режимі жағдайында талапкерлерге ыңғайлы болуы үшін БҒМ білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартты.
ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, құжаттар 20 шілдеге дейін емес, 25 шілдеге дейін қабыладанады.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер Egov.kz "электронды үкімет" порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет:
өтініш; білімі туралы құжат; жеке куәлік көшірмесі.
Медициналық анықтамалар уақытша талап етілмейді.
ҰБТ сертификаты жүйеде автоматты түрде пайда болады, сондықтан оны Egov.kz- ке жүктеудің қажеті жоқ.
ҰБТ сертификаттары электронды форматта берілген болатын!
Конкурс нәтижесі бойынша мемлекеттік гранттың берілгені туралы электронды сертификат ұсынылады. Талапкерлерге қағаз сертификаттарды алу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ.