Жөндеудегі ең қымбат көліктердің рейтингі
2020 ж. 24 маусым
1733
0
ЖКО салдарынан болған нұқсан орташа бағамен алғанда 396 000 теңге құрайды. Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары ЖКО-дан кейін жөндеу және қалпына келтіру бойынша ең шығынды автомобильдердің рейтингін құрастырды.
Көлік басқару барысында ЖКО-ға ұшырау тәуекелі әрқашан бар. Сіз тәжірибелі жүргізуші болғанның және жол жүру ережелерін әрдайым сақтағанның өзінде де. Кез келген жағдайлар орын алуы мүмкін: жазатайым оқиға немесе аса зер салуды талап ететін күрделі жол жүру жағдаяттары. Сондай-ақ апатқа басқа қатысушы жазықты болуы мүмкін.
Қазақстандағы ЖКО статистикасы
Өткен жылы Қазақстан жолдарында 16 614 жол-көлік оқиғасы болған. Бұл бір жыл бұрын болған оқиғалардан 5,35% астам. Ескертеміз статистика жөніндегі Комитетінің мәліметтерінде тек ресми тіркелген апаттар көрсетілген. Автокөлік иелері құқық қорғау органдары мен сақтандыру компанияларына жүгінбеген ұсақ апаттар мен оқиғалар, статистикаға кіргізілмеген.
Ең апатты аймақ болып Оңтүстік астана саналған. 2019 жылы Алматыға еліміздегі барлық болған апаттардың 27% түскен (4 489). Апаттық рейтингі бойынша, екінші орында Алматы облысы – барлық тіркелген оқиғалардың 14,3% (2 372 апат). Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы (7,8% және 1 302 апат), жалғаса келетін Жамбыл облысы (7,4% және 1 223 апат) мен Түркістан облысы (6,9% және 1 141 апат).
Ең апатсыз аймақтары – Солтүстк Қазақстан облысы (1,6% және 269 апат), Атырау (1,8% және 307 апат) мен Маңғыстау облыстары (1,9% және 312 апат).
Соңғы 10 жыл ішінде, еліміздің жолдарында барлығын алғанда 168 136 апат болған.
Жөндеудегі ең қымбат көпшілік қолдағы автомобильдердің рейтингі
Егер сіз ЖКО қатысушысы болып көрсеңіз, онда білесіз автомобильді жөндеу және қалпына келтіру – қымбат ғанибет. Ұлттық Банкінің мәліметтеріне сәйкес ОГПО міндетті автосақтандыру бойынша орташа төлемдері 396 000 теңге құрайды. Алайда, нұқсан одан жоғары бағаланатын жағдаяттары болады.
Апаттық статистика және сақтандыру төлемдері негізінде Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары ең қымбат көпшілік қолдағы автомобильдердің тізімін құрастырды. Атап кету маңызды, рейтингке орташа және эконом класстарының модельдері қатысады.
5 орында – Hyundai Accent. Қазақстандағы ең танымал, көпшілік қолдағы моделі. Негізгі шығындары жиынтық бөлшектерін ауыстыруға түседі: ГРМ
белдігі, қабылдағыш құбырының кеңірдегі және электроника. ЖКО-дан кейінгі жөндеудің орташа құны 250 000 – 600 000 теңге құрайды.
4 орында – Toyota Corolla. Автомобиль ұқыпты және уақтылы күтімді талап етеді, соның ішінде, майын жиі ауыстыруды. ЖКО-дан кейінгі жөндеудің орташа құны 300 000 теңге құрайды.
3 орында – Renault Kaptur. Көліктің ең негізгі кемшілігі, жанар майды көп жұмсау шығыстары. Бірақ бұл шығыстың басты статьясы емес. Апаттан кейінгі жөндеуі орташа бағамен 770 000 теңге құрайды.
2 орында – Kia Sportage. Күтімі арзан емес машина. Шанақ жұмыстарын және жиынтық бөлшектерін ауыстыру бойынша ЖКО-дан кейінгі жөндеуі орташа бағамен алғанда 600 000 – 900 000 теңгеге түседі.
1 орында – Nissan X-Trall. Рейтинг лидері ретінде бұл модель кездейсоқ болған жоқ. Біріншіден автомобиль жиынтықтарына қоятын талғамы биік. Оларды сатып алу кезінде, барабар өндірушілерден бөлшектерін сатып алудан бас тартуға тұра келеді. Екіншіден, аталған автоның апаттан кейінгі жөндеуі орташа бағамен алғанда 1 000 000 теңгеге түседі.
Егер апатқа кінәлі сіз емес болсаңыз, сіздің көлікті қалпына келтіру төлемдері бастамашысының міндетті сақтандыруы бойынша жүзеге асырылады. Кері жағдайда жөндеу мен жиынтық бөлшектерін ауыстыруды ерікті сақтандыру төлемдері өтеуі мүмкін.