Бүгіннен бастап далада спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі
2020 ж. 04 мамыр
1121
0
Бүгіннен бастап барлық өңірдегі бірнеше кәсіпкерлік субъектілерге жұмысын жалғастыруға рұқсат беріледі, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Осыған дейін 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілген болатын. - аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері); - фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер; - шаштараздар (жазылу бойынша); - медицина орталықтары (жазылу бойынша); - стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша); - жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар; - шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері; - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары. Сондай-ақ, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жанданады.