Мұқтаж қазақстандықтарға 50 мың теңгеден беріліп жатыр
2020 ж. 10 сәуір
1641
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоры елдің аса мұқтаж азаматтарына 50 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмекті бере бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сіздің шотыңызға 50 000 теңге түсті", - деген жазбасы бар хабарлама 500 мыңнан астам адамға келді
Жәрдемақыны алған қазақстандықтар әлеуметтік желілерде қуаныштарымен бөлісті.
"Менің есімім Әсел, үш баланың анасымын, Алматыда тұрамын. Бүгін қатты таң қалды, менің картама #Birgemiz қорынан 50 мың теңге көлемінде көмек келді. Елбасы мен Nur Otan партиясына осы қиын уақытта бізді ұмытып кетпегендері үшін рахмет айтқым келеді! Естуімше, аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға, 1-топтағы мүгедектерге, жетімдерге және басқаларға көмек көрсетіледі. Барлық қала тұрғындарынан карантин кезінде барлық сақтық шараларын сақтауды, қажет болмаған жағдайда үйден шықпауды сұраймын, біз бірге барлық сынақтардан өтеміз!", - деп жазды желі қолданушысы Асел Омарова.
"Birgemiz" қоғамдық қорының төрағасы Руслан Сакеевтің ақпараты бойынша, қазіргі таңда 50 мың теңгеден материалдық көмекті 50 мыңнан астам адам алды.
"7,6 миллиард теңге сомасындағы қаражат өңірлік қорлардың шоттарына түсті. Сол жерден ақша алушылардың банктік шоттарына аударылады. Бұл - карантинде қиындықтарға тап болған 23 ірі қаланың тұрғындары. Әкімдер мен әлеуметтік қорғау органдары ұсынған тізімдерге ең төмен табыс деңгейі бар әлеуметтік-осал топтар қатарындағы азаматтар кірді. Олардың ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының тізіміне кіретін, жасы бойынша зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген мүгедектер, тыл еңбеккерлері бар", - деп хабарлады Руслан Сәкеев.
Сонымен қатар, ол материалдық көмекті екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке тұлғаның картасына немесе ағымдағы шотына аудару кезінде комиссия алынбайды деп түсіндірді. Сондай-ақ, егер азаматтардың несие бойынша борыштары бар болса, оны өтеу есебінен қаражат ұсталмауы мәселесі пысықталған.