Алдағы күндері Қазақстанда қатты аяз болады
2019 ж. 20 қараша
8637
0
Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде күн күрт суытып, аяз болады. Сынап бағанасы минус 30 градусқа дейін төмендейді деп болжайды синоптиктер, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығынан 9-шы сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына сабақ болған жоқ.
Сарышұнақ аяз еліміздің барлық аймағын үш күн бойы қыспаққа алмақ. Қарағанды, Өскемен, Қостанай, Ақмола мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында термометр бағаны минус 33 градусқа дейін жетеді деген болжам бар.
Ал оңтүстік аймақтарда ауа температурасы минус 9 градусқа дейін төмендейді. Қаһарлы қыс батыс өңірді де айналып өтпейді. Кей жерлерінде қар, тұман түседі деп күтілуде.
Мамандар аязды күндері азаматтардың жолға шықпауын сұрайды. SMS хабарламаларға құлақ түруге кеңес береді.
Алуа Саханова, «Қазгидромет» РМК орталығының басқарма басшысы:
- Түнде Солтүстік өңірлерде 2530, орталық-шығыс өңірлерде күндізгі 33 градусқа дейін төмендейді. Түнде оңтүстік аймақтарда 05, кей жерлерде 10-13 градусқа дейін төмендесе, күндіз 0-5 градус аяз, кей жерлерде 3 градус жылы болады.