Желтоқсаннан бастап кейбір пойыз бағыттары өзгереді
2019 ж. 08 қараша
3799
0
"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ы пойыздардың жаңа жүру кестесінің енгізілуіне байланысты 8 желтоқсаннан бастап кейбір бағыттар өзгереді.
Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығы хабарлады.
1) - №375/376 "Нұр-Сұлтан – Риддер" бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, ол облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды;
- №85/86 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Сарыағаш" пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт "Нұр-Сұлтан-1 - Сарыағаш" деп өзгереді;
- сол сияқты №673/674 "Павлодар – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" бағыты бойынша жүретін пойыз енді "Павлодар - Нур-Султан-1" бағыты бойынша қатынайды;
2) Күн ара жүретін №712/711 "Нұр-Сұлтан – Шымкент" жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады;
Сонымен қатар, алты жолаушылар пойыздарының нөмірі өзгереді:
1) "Жолаушылар тасымалы" АҚ-на қарасты:
- № 153/154 "Нұр-Сұлтан- Семей" енді № 353/354 пойызы болып өзгереді;
- № 375/376 "Нұр-Сұлтан-Өскемен-1" енді № 67/68;
- № 377/378 "Алматы-Маңғыстау" енді №77/78;
2) Жеке тасымалдаушылар:
- № 312/311 "Нұр-Сұлтан- Семей" енді №121/122 ("Арай транс kz" ЖШС-ке қарасты);
- № 307/308/ "Нұр-Сұлтан- Жезказған" енді №107/108 ( "Марал Нұр" ЖШС);
- № 617/618 "Қызылорда-Нұр-Сұлтан" енді №117/118 ("Марал Нұр" ЖШС).
Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай анықтама қызметі "105" нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).