Үкімет халықтың кредитін қашан өтеп беретіні белгілі болды
2019 ж. 02 шілде
16221
17
Тұрмысы төмен азаматтардың кредиті мемлекет есебінен 1 қыркүйекке дейін өтеледі. Қарызы бар азаматтардың жүктемесін азайтуға арналған қаулының жобасы бекітілді.
Онда тұрмысы нашар және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредитінің 300 мың теңгесі 1 қыркүйекке дейін өтелуі тиіс деп жазылған. Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 15 шілдеге дейін борышкерлердің тізімін жасап, жалпы қарызын есептеуі керек. Кейін мәліметтерді Ұлттық банк тексеріп, Қаржы министрлігі проблемалық несиелер қорына ақша аударады, деп хабарлады КТК.
Бұған дейін жұрттың берешегін жабу үшін шамамен 105 миллиард теңге жұмсалатыны айтылған еді.