Мақпал Исабекова Израильде "Хамастың" атқылаған кезіне тап болды
2014 ж. 11 шілде
3096
1
Ем үшін, анасымен бірге Израильге барған әнші Мақпал Исабекова "Хамас" жауынгерлерінің Тель-Авивті атқылаған кезіне тап болды.
Жан-жақтан дабыл қағылып, оқ ұшып жатқандықтан, өзін қорқыныш пен үрей сезімі билегенін әнші инстаграмдағы аккаунты арқылы білдіріп отырды.
Әншінің жазуынша, өздері тоқтаған қонақ үйдегі адамдар, бомбадан қорғанатын жерге жиналған. Газа секторының мұндай басқыншылық шабуылы 2012 жылдан бері алғаш рет қайталанып отыр. Бұған дейін тек ескертулермен ғана шектеліп келген палестиналықтар Израиль өздеріне қарсы "Мызғымас жартас" операциясын бастағаннан кейін қарсы әскери амалдарға көшкен.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Газа секторынан шыққан 150-ге жуық зымыран Израильдің Тель-Авив, Иерусалим қалалары мен Бен-Гурион әуежайына бағытталған екен.
Хамас содырлары жарылғыш заттарды қасақана халық көп шоғырланған жерлерге жаудырған. Алайда әскерилер зымырандарды жерге жеткізбей атып түсірген, жергілікті халық дін аман.
Айта кету керек, Израильде әр ғимаратта бомбадан қорғану орындары бар.
Ал Мақпал Исабекова таңертең бәрі дұп-дұрыс болып тұрған еді, аяқ астынан соғыс қаупі төнген кез сұмдық қорқынышты дейді. Тель-Авивтен Киевке аттанар алдында ол мынадай жазба қалдырып үлгерді. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/321325.html
31 арна