Инстаграм дегеніміз...немесе әншілердің бөксесі, төсі һәм асы

555555555555555555Басқа әлеуметтік желілерге қарағанда ең оңайы осы инстаграм. Суретке түсіресің, өңдейсің, сәндейсің, жазасың, жариялайсың. Сосын лайк басасың, пікір қалдырасың. Болды, басқа ештеңе істемейсің, мұнда. Твиттер мен Фейзбукқа жазғандай, инстаграмға саяси салмағы бар постжариялап, қоғамға ой тастай алмайсың. Тек сурет салумен айналысасың. 

in

Айтпақшы, қоғамға ой тастай алмайсың деген сөзім қате сияқты. Аз-маз түзету. Зерттеп қарасам ой тастаудың «көкесі» осы инстаграмда сияқты. Ең оңай әлеуметтік желі болған соң сауаттысы да сауатсызы да қазір инстаграмды қолданады. Әнші, ақын, жазушы, журналист, биші, күйші, спортшы, мұғалім, оқушы, студент, депутат, кәсіпкер, бәрінің аккаунты бар. Дәл осы жерден тақырыпты бірден өнер адамдарына бұрсам. Өйткені бар қызық солардың парақшаларында.

in2Өнер адамдары не ішті, не көрді, не естіді, кіммен жолықты, қайда барды, қайдан келді, сағат қаншада жатты, салмағы қанша, қанша келіге азды, қандай ән жаздырып, қандай бейнебаян түсірді, жатар алдында киетін киімі қандай, қанша баласы бар, үйі қанша бөлме екенін қазір инстаграмда отырып-ақ біліп отырасыз.

in4

Кәдімгідей, көршіңіз сияқты боп кетеді. Олардың әрқайсысында 10 мыңнан асатын оқырманы бар. Салған суреттерінің астына, сан-түрлі пікір жазылады. Жастар, әсіресе оқушалар «жұлдызға» қатты еліктейтінін, ұнататынын, тіпті сүйетінін айтады. Оқушалар деп қоям, күйеуі бар әйелдер де Мейрембекке талай «жаным сол, сүйемін сені» — деп жазғандарын оқығанда, е,құдай күйеуі көріп қоймаса екен деп тіледім.

555555555555555555

Телеарнадан ғана көріп жүрген жұлдыздарына айталмаған сөздерін осы инстаграм парақшасында жаудырып жатады, халық. Әртістер де қу. Бәрі емес әрине. Салған әр суретіне мыңдаған лайк басылғанын көрген олар келесі суретінде одан да әдемі боп түсуге тырысады. Жақсы пікірлер жазылып, суреті лайк астына көміледі. Жігіттерден қарағанда қазақ эстрадасының арулары инстаграмда өте белсенді. Олардың да лайкбасушылары көп.

buy-instagram-likes

Жылтыраған түрлі киімдерімен түскен суретіне еріксіз 1-2 минут қарап отырасың. Еріндерін «бұлтитып» түседі. Үйттім- бүйттім, андамын-мұндамын деп парақшасына жазылғандарға есеп беріп отыратындары да бар. Кей әнші қыздардың ауыр болса да айтайын, емшектерінің көлеміне дейін біледі қазір инстаграм қолданушылары. Инстаграмда «мәмесін» көрсетуден алдына жан салмайтын әншілерді атап тұрып жазғым-ақ келіп тұр. Бірақ, олар да қазақ қой.  Масқараламай-ақ қояйын, ия?! Сол үшін де шетелдік қыздарың фотосын салып отырмын. Біздікілердің суреті де осыған ұқсайды. Бұдан асып кететіндері де бар. 5-girls-you-should-follow-on-instagram-6-620x620

Мәмесінен бөлек санын жалтыратып суретке түсудің де хас шеберлері бар инстаграмда. Қазақы отбасыдан шыққан, ұятты қыздың осындай әрекетке баруы ақылға сыймайды. Әлде олар парақшасына жазылған қыздарға осылай емшектеріңді көрсетіп суретке түссеңдер көп лайк жинайсыңдар деп үнсіз насихат жасап жүр ме? Түсіне алмадым?! Сіз бәлкім, осы жерде мырс еткен шығарсыз. Сен қарама олардың ол жеріне деп те сөгіп жатуыңыз мүмкін. Мен қарамасам да, ертең іні-қарындастарым қарап қояды ғой. Сосын, ұят қой олай суретке түсу мойындашы.

8787878787878787878787Тағы бір қылмыстың куәсі бодым. Заң алдында емес, ар алдында жауап беретін қылмыс. Эстрадада өзіндік орны бар ару бала-бақшаға барып ән айтқан суретін салды инстаграмға. Юбкасы тізесінен 1,5 қарыс жоғары. Оу, жұлдызым-ау анау балғындар саған еліктейді ғой. Арасында сен сияқты болғысы келетін қыздар қаншама. Олар да санын жалтыратып жүрсе, оған кінәлі сен боласың – деп жазғандардың талайын банға жібергенін білем әлгі әншінің. Қайта оларды қазақ эстрадасынан банға жіберу керек. Мақтау сөзге семіріп алған. Сынды көтере алмайды, бейшаралар. Жаза берсең мұндай оқиғалар, қылмыстар көп. Ұрпақ тәрбиесі, анау-мынау деп жазбаны тым сәндемей-ақ қояйын. Қазір біреуге ақыл айтатын заман емес. Айтсаң да тыңдайтындар шамалы. Тым болмаса бала-шаға, іні-қарындасымыздың инстаграмдағы суретін қадағалап отырайықшы. Олар да жоғарыдағыларға еліктеп әулетке күйе жақпасына кім кепіл?! Ерсі сурет салса ұят болады деп ескертіп қойсаңыз деп едім.

oishogyr.kz