Білім гранттарын тағайындау комиссиясы жұмысын бастады
2018 ж. 02 тамыз
2283
0
1 тамызда Қазақстанда мемлекеттік білім гранттарын тағайындау комиссиясы жұмысын бастады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Министрліктің дерегінше, биыл Қазақстан бірінші курс студенттерін қабылдау үшін 51 мыңға жуық грант бөлген. Білім гранттарына үміткер талапкерлердің саны — 75430 адам. 60327 талапкер қазақ, 14810 талапкер орыс тілінде білім алуға ниет білдірген.
Қазақстанда білім грантын иеленген талапкерлердің тізімі тамыздың 15-не дейін мемлекеттік басылымдарға, министрлік сайтына жарияланады.
Дереккөз:Азаттық радиосы