Өзге елдер шетелдіктерге жерін қойып, үйін жалға беруден бас тартып жатыр
2016 ж. 05 мамыр
2380
0
Берлин билігі тұрғын үйге қатысты заңға өзгеріс енгізіп, шаһарда жалға берілетін пәтерлерге онлайн тапсырыс беруге тыйым салды.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Мұндай қадам арқылы неміс астанасының атқамінерлері жалдамалы пәтерлердің сырттан келгендерге емес, жергілікті тұрғындарға қолжетімді болуын қамтамасыз етпек. Бірақ жаңа ереже саяхатшылар мен пәтерін беріп, ақша тауып жүргендердің көңілінен шықпады.
Бүгінде онлайн қызмет арқылы пәтер жалдау – саяхатшылар арасында кеңінен таралған үрдіс. Бірақ енді Берлинде пәтерін интернет сайттары арқылы жалға бергендер 100 мың еуро көлемінде айыппұл төлейді. Қала басшылығының талабы – осы.
Ал кәсіпті заңды жолмен жүргізу үшін арнайы рұқсат қағазын алу міндет. Ол да кез келгеніне берілмейді. Себебі кәсібін заңды жүргізбек болған бірнеше пәтер иесінің өтініші еш себепсіз мақұлданбаған.