Араб әмірлігі халықтың 98 миллион доллар қарызын кешіру туралы шешім шығарды
2019 ж. 25 ақпан
2633
1
БАӘ-нің билігі азаматтарының 98 миллион доллар көлеміндегі қарызын кешіру туралы шешімге келді. Бұл туралы Gulf News басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, арнайы биліктік комиссия елдегі 13 коммерциялық банкпен келісімге келді. “Қарыздық амнистияға” БАӘ-нің үш мыңнан астам тұрғыны ұшырайды.
Билік бұл қадамға тұрғындары қолайлы жағдайда өмір сүруі үшін және “отбасындағы қаржылық тұрақтылықты бекіту” үшін барған екен.