Қолжетімді автонесиенің жаңа түрі 2019 жылдың екінші жартысында беріле бастайды
2019 ж. 07 ақпан
5030
0
Еліміздің бас банкирі тағы бір жеңілдетілген бағдарлама іске қосылатынын айтты, - деп хабарлайды kolesa.kz.
«Біз „7-20-25“ бағдарламасының үлгісімен азаматтардың отандық өндірістегі автокөліктерді несиеге алуына мүмкіндік беретін бағдарламаны әзірлей бастадық. Бұл ұсынысты оған қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен және банктермен биылғы алғашқы жарты жылдықта талқылаймыз», — деп үкімет отырысында Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Ұлттық банк автонесиелерді 2019 жылдың екінші жартысында бере бастамақ.
Д.Ақышев Ұлттық банк тұрғын үйді несиеге беруге бағытталған «7-20-25» бағдарламасының үлгісімен және соның негізінде әзірленген автонесие бағдарламасын іске қосуға әзір екенін бұрында хабарлаған болатын.