Ұлттық банк баспанасы барларға «7-20-25» бағдарламасына қатысу мүмкіндігін беруді ұсынды
2019 ж. 23 қаңтар
4126
1
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасын жандандыру үшін шешілуі тиіс мәселелерді атады, - деп жазды baq.kz.
«Бірінші, қазіргі уақытта шектеудің бірі – ең алдымен өңірлерде баспананың жетіспеушілігі болып отыр. Осыған байланысты бағдарлама талаптарына сай келетін тұрғын үй құрылысын Қазақстанның перспективалық өңірлерде қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін тұрғын үйге сұранысты демографиялық өсімге және халықтың көшіп-қонуы ескерілуі керек. Алдын ала бақылау бойынша 2019 жылы баспанаға деген қажеттілік шамамен 16 мың пәтер болады», - деді Ақышев. Ұлттық банк төрағасы тұрғын үй ұсынысын ұлғайту үшін баспана бағдарламасымен жергілікті атқарушы органдардың әкімдік талаптарымен 150 млрд теңгеге дейін сұраудағы облигацияларды сатып алуға рұқсат беретінін атап өтті. Бүгінде бұл механизмді Шымкент қаласының әкімдігі ғана пайдаланған. «Үшінші, бағдаралманы жандандыру үшін 2018 жылы желтоқсанда мемлекеттік тұрғын үй заңына өзгерістер енгізілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер ТҮҚЖБ арқылы салымшылар мен кезекте тұрғандарға және барлық азаматқға «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздар арқылы сатылуы мүмкін», - деді төраға. Оның айтуынша, бастапқы жарнаны азайту үшін қызметкерлердің жекелеген санаттарына қолдау көрсету қажет. «Жеңілдік берілген ипотека бойынша бастапқы жарнаны субсидиялау механизмі енгізілді. Ол әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттарын беру нысанында жүзеге асырылады. Жекелеген өңірлер тұрғын үй сертификаттарын беруге кірісіп кетті. Мысалы Астана әкімдігі 1 млн тг көлемінде 100 сертификат берді», - деді ол. Ақышев бағдаралмаға қатысу талаптарының бірі меншікті баспанасы барларға бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беруді ұсынды. «Бұл – қосымша баспана алғысы келетін меншікті баспанасы барлардың көтерген мәселесі. Бұл тұрғын үй талаптарын жақсартатын көпбалалы отбасына, балаларына баспана сатып алатын ата-аналарға, басқа географиялық өңірге көшетін азаматтарға, халықтың қажеттілігін назарға ала отырып Ұлттық банк үкіметке бағдарламаға меншік құқығында баспанасы бар азаматтарға бағдарламаға қатысу құқығын беру мүмкіндігін зерделеуді ұсынамын», - деді Ақышев.