Елімізде ұлттық валюта Елбасының «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 12 қарашадағы №1399 Жарлығымен 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгізілді, - деп жазды baq.kz.
Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеге 25 жыл
2018 ж. 15 қараша
5095
1
Кейін 1998 жылдан бастап, 15 қараша кәсіби мереке ретінде Ұлттық валюта – теңге күні және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің мерекесі болып белгіленді.
Биыл экономикалық тәуелсіздігіміздің нышанына, Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енгеніне 25 жыл толып отыр.
Айтулы мереке қарсаңында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев еліміздегі қаржыгерлерді, банк қызметкерлерін және барша отандастарымызды құттықтады.