Бұл шара қашан іске асатыны анық емес, дегенмен ақпаратқа қарағанда, Трамп Пекинге қысымды күшейту мақсатында, Қытаймен сауда келісімін жүргізер алдында жүзеге асырмақ.
Пекин Қытайда жұмыс істейтін американдық компаниялардан технологияларын қытайлық серіктестеріне беруді талап етеді. Вашингтон болса бұл тәжірибеден бас тарту керек деп есептейді.
Бұған дейін Трамп әкімшілігі, құны 50 миллиард доллар тұратын Қытай тауарларына 25 пайыздық салық салған. Қытай америкалық санкцияларға санкциямен жауап беріп келеді. Бірақ кезекті шараға төтеп беру оңай болмайтын секілді, себебі Қытайдың Америкадан импорттайтынынан, экспорттайтын тауары басым, дейді The Wall Street Journal.
Дегенмен, Қытайға экспортталатын, құны 60 миллиард доллар тұратын америкалық ет өнімдері, кофе, жиҺаз бен көлік құрал-саймандырына айтарлықтай қауіп төнуі мүмкін.