Жекеменшік банктер зейнетақы қорындағы ақшаны алуға дәмелі
2018 ж. 20 тамыз
2258
0
200 млрд теңге экономиканы қолдау мақсатында несие ретінде берілмек. Бірақ бұл бағдарламаға тек өз капиталы 60 миллиард теңгеден асатын қаржы ұйымыдары ғана қатыса алады, - деп хабарлайды ktk.kz.
Әзірге мұндай жеке капитал еліміздегі тек 5-ақ банкте бар. Ұлттық банктің осы ұсынысына олар алақанын ысқылап отыр. Қаржы институттары ақшаны нарықтағы жағдайға сай алуына болады. Яғни, ол үшін банктік облигациялар Қазақстан қор биржасында жарияланады. Өзге инвесторлар қатыспаған жағдайда бір ойыншының шығарылған бағалы қағаздың 50 пайызынан артығын алуға мүмкіндігі болмайды. Қазірдің өзінде зейнетақы қорындағы актив есебінен алынған облигациялар сатылымға шығарылған. Бірақ саясаттанушылар бұл бастаманың ел қаржысының көмегімен банктерді құрдымнан шығарудың кезекті әрекеті екендігін алға тартып отыр.
Досым Сәтбаев, саясаттанушы:
– Жуырда ғана президент Ұлттық қор есебінен банктерге көмек көрсетілмесін деген еді, енді зейнетақы қорындағы ақшаға көз тігіп отыр. Бұл оған дейін де жасалған еді. Қаржының басым бөлігі дефолтқа ұшыраған банктерге берілген.Салық төлеушілер өз ақшасын несие ретінде алады, ал қаржы ұйымдары пайда табады.