Әзербайжан Қазақстаннан алған қарызын 15 жылдан кейін қайтарады — Сұлтанов
2018 ж. 17 қаңтар
7334
12
«Мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынып, Әзербайжанда қалып қойған ақшалар мәселесі туралы білгім келеді. Біз Әзербайжанның қаржы ұйымдарына аталған қаражатты қайтару туралы айта аламыз ба? Ол қаражатты жартылай жоғалтып қана қоймай, тіпті Әзербайжанның Қазақстанға қомақты қарызын лонгридтеуден өткіздік. Бізге мүмкін қаржы қатынастарына мән беретін кез келген шығар», — деді депутат Қаржы министріне.
Депутаттың сауалына Бақыт Сұлтанов байыппен жауап берді.
«Біз бұл ақшаны жоғалтқан жоқпыз. Егер банк, шынында да, банкротқа ұшыраса немесе қарыздың қайта өзгеріспен төленуін несие берушілердің басым көпшілігі қолдамағанда, ақшаны жоғалту қаупі туындайтын еді. Бүгінгі таңда банктің бұл облигациялары Әзербайжанның дербес облигацияларына ауыстырылған. Қорытындысында, 3,5 пайыздық мөлшерлемемен 250 млн АҚШ долларының қайтарылу мерзімі 15 жылға ұзартылды. Бұл қағаздар өтімді болып саналады», — дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстанның бірыңғай зейнетақы қоры 71,3 млрд теңге немесе 250 млн доллар инвестиция салған Әзербайжанның Халықаралық банкі банкротқа ұшырағаны туралы сотқа өтініш берген. Қаржылық проблема Әзербайжанның ұлттық валютасының құнсыздануы мен мұнай бағасының құлдырауы салдарынан туындаған.