Қырғызстан қазақтар игеріп жатқан Бішкек Бозымчак кенішінің жұмысын 3 айға тоқтатты
2017 ж. 03 қараша
2928
11
Қырғызстан үкіметі Жалал-Абад облысының Ала-Бука ауданындағы Бозымчак алтын кенішін игеріп жатқан қазақстандық Kaz Minerals компаниясының жұмысын үш айға тоқтатты. Бұл туралы Аzattyq.org хабарлады.
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, қырғыз үкіметі компания қызметін 2 қарашада тоқтатқан және оның себебін түсіндірмеген.
Kaz Minerals шахталары барлық талапқа сай екенін және қазір тиісті билік өкілдерімен кеніштегі жұмысты қайта бастау жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын айтады.
Компания Лондон, Гонконг және Қазақстан қор биржаларында тіркелген. Қазақстанда бірнеше кенішті игеретін компания Қырғызстандағы Бозымчак кенішінен 2014 жылдан бастап алтын мыс өндіре бастаған.