Қайрат Келімбетов миллиондап жалақы алатынын ашық айтты - БАҚ
2017 ж. 22 қыркүйек
2203
5
Халықаралық «Астана» қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов айына қанша жалақы алатынын ашық айтты. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Келімбетов журналистердің сұрағына жауап берді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Өздеріңіз білетіндей, президенттің бұйрығымен, «ХАҚО» АҚ кеңесінің төрағасы болып тағайындалдым. Соған сәйкес, жалақыны мен де заңға сәйкес аламын. Жалақым «Бәйтерек» немесе «Самрұқ-Қазына» қорындағылардан көп емес, тіпті аз болуы мүмкін», – деп жауап берді Келімбетов.
Келімбетов, быилғы жылы ХАҚО қызметкерлеріне сыйақы мен қосымша бонустардың қарастырылмағанын атап өтті.
«Сондықтан менің жалақым туралы алаңдамай-ақ қойыңыздар, жалақым қолжетімді соммада. Жалпы бізде жалақы көлемі әркімнің қызметіне қарай 1 миллион теңгеге дейін барады», – деп түсіндірді Қайрат Нематұлы.