Қазақстанның агроөндірістік кешені – экономиканың жаңа драйвері
2017 ж. 29 тамыз
1951
1
Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында (ӘЭСИ) мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, сарапшылар және ғалымдардың қатысуымен «Қазақстанның агроөндірістік кешені – экономиканың жаңа драйвері» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Пікірталасқа қатысушылар Қазақстанның ауылшаруашылық саласының даму мәселелерін, нақтылап айтқанда, Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру жолдарын саралады: отандық ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуетінің дамуы, ауылшаруашылық кооперациясына шағын және орта шаруашылықтарды барынша тарту, су ресурстарын тиімді пайдалану мен АӨК сауда-логистикалық инфрақұрылымын дамыту секілді өзекті мәселелерді қарастырмақ.
- Еліміздің агроөндірістік кешені экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстан ауыл шаруашылығында үлкен әлеуетке ие. Ауыл шаруашылығы – мемлекет экономикасының негізгі бағыттарының бірі және бізде экологиялық таза өнімдерді экспорттау арқылы әлемдік азық-түлік нарығында өз орнымызды алу үшін барлық жағдай бар, - деді өз баяндамасында ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев.
Е.Салтыбаевтың сөзінше, соңғы жылдары әлемнің мұнай, газ және металл нарығында үлкен құбылмалылық байқалуда. ЖІӨ едәуір бөлігін құрайтын Қазақстанның тау-кен өнідірісі саласы шикізат ресурстарына деген бағаның әлемдік конъюнктурасына байланысты. Мықты АӨК Қазақстан экономикасының дамуында тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамуының жаңа Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге барысы да талқыланды.
Пікірталасқа қатысқандар: Қайрат Айтуғанов, ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі; Евгений Ган, Қазақстан астық өңдеушілер Одағының президенті; Дамир Егізбаев, «Ұлттық аграрлық ғылыми орталық» Басқарма төрағасының орынбасары; Ажар Қажыбекова, ҚР Ауылшаруашылық министрлігі Егін шаруашылығы департаментінің директоры; Лилия Мусина, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі; Арнұр Мұхамеджанов, ҚР Ауылшаруашылық министрлігі стратегиялар жоспарлау және сараптама департаментінің директоры; Думан Оспанов, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары; Михаил Мироненко, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының стратегиялық зерттеулер мен болжау қызметінің жетекшісі және т.б.
qazaquni.kz