Қазақстан Қытайға 12,5 миллиард доллар қарыз болып қалды
2017 ж. 20 маусым
3552
11
Қазақстандағы жобалардың біразы Қытайдан алынған қарыз капиталы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда жалпы қарыз көлемі 12,5 миллиард АҚШ долларына жеткен.
Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.
“Қазіргі кезде біз ҚХР-ға қарыз болып отырған ақша 12,5 миллиард долларға жетіп отыр. Банктер бойынша – 2,7. Өзге секторлар бойынша – 8,97. Кәсіпорындар мен фирма аралық қарыздар 944 миллион. Шамамен осындай. Сонымен бірге Қытай тарапының да Қазақстан алдында берешегі бар. Бізде құнды қағаздарды салып отырмыз. Ол 12 миллиард долларды құрайды. Айырмашылық 579 миллион доллар. Бұл жағдай сыртқы қарызға қарағанда жақсырақ”, – деді ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
Егер сыртқы қарыз бойынша сандар нақты болса, ал екі ел арасындағы сауда қатынастарында ала-құлалық байқалады. Жақында ғана ҚХР төрағасымен кездесуде Назарбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы айырмашылыққа таңырқаған еді. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, айырмашылық 5 млрд долларға жеткен. Бұл аптада осы тақырыпқа сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударды. Ол сандарға қатысты айырмашылықтарды “ірі халықаралық оқиға” деп атады. Егер министр Сұлтанов бұл ретте жағдай әдіске тіреліп тұр десе, сенат төрағасы мұның себебі контрабанда деп бір-ақ атады.
“Сіз қазір әдіснамалық келіспеушілікті бірінші орынға шығарып қойдыңыз. Ал мен бірінші орынға контрабанда мәселесі мен көлеңкелі экономиканы қояр едім. Соңына дейін әділетті қарау керек”, – деді Тоқаев.