Ұлттық валюта әлсіреді
2017 ж. 09 наурыз
2274
0
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 316,76 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еске салайық, 7 наурызда доллар бағамы 314,94 теңгеге тең болған еді. 9 наурыздағы таңғы сауданың бірінші келісімі 315,5 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны - 317 теңге. Сауданың жалпы көлемі 103,2 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 316.5-318 теңге аралығында саудаланып жатыр.