Назарбаевтың суреті бейнеленген 10 мыңдық банкнот таныстырылды (фото)
2016 ж. 15 қараша
3848
26
Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлттық банктің «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта» атты конференция өтіп жатыр деп хабарлайды «Хабар 24».
Онда мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова конференцияға қатысушыларды Ұлттық валюта күнімен құттықтап, мемлекет басшысының 1993 жылы төл теңгемізді енгізу туралы тарихи шешімі көреген, әрі тағдыр шешті қадам болғанын атап өтті.
Іс-шара барысында Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық сувенирлік банкнотты және монетаны таныстырды.
Басқосуда өзге де мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен экономистер сөз сөйледі. 10 мыңдық банкнот 1 желтоқсаннан бастап айналымға шығады.